EXPO-2017

Қазақстанның бірқатар аймақтарында жел электр стансалары салынбақ

17.11.2014

8320

Еліміздің бірқатар облыстарында жел электр стансалары салынбақ, деп хабарлады "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ-нынан.
Алматы облысының Шелек дәлізі мен Жоңғар қақпаларында Ақмола облысының Ерейментау ауданында, Қостанай облысының Арқалық қаласының маңында, ШҚО-ның Ұлан ауданында және Жамбыл облысының Қордай ауданында жел электр стансалары салынады деп жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңда жаңғыртылған энергетикалық ресурстарды пайдалану электр энергетикасын дамытудың басым бағыттарының бірі және Қазақстанның экологиялық мәселелерін шешу жолы болып отыр.
Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанда жаңғыртылатын энергетика ресурстарының әлеуеті айтарлықтай маңызды және ол 1 трлн кВт/сағатқа бағаланады.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында шағын гидроэнергетикалық нысандар пайдалануға енгізілген. Қазіргі таңда жел электр стансалары Жамбыл, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жұмыс істеп тұр.
Ал Алматы, ОҚО және Жамбыл облыстарында күн энергиясын өндіру алаңдары бар.
Айта кетейік, еліміздегі жел электр стансалары нысандарының қуат өндіру көлемі 2014 жылдың 9 айында 383,4 млн кВт құраған.
Қазақстан Республикасының жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңымен инвестордлардың қолдауымен жаңғыртылатын энергия көздері секторын дамыту үшін бірқатар шаралар қарастырылып отыр.
Сонымен бірге Алматы, Жамбыл, ОҚО және Қызылорда облыстарында қуаттылығы әлдеқайда жоғары күн электр стансасын салу жоспарланып отыр. Ал Алматы, Жамбыл облыстарында, ШҚО және ОҚО-да шағын ГЭС жобалары жүзеге асырылады.
2014 жылдың соңына дейін жаңғыртылатын энергия көздерінің 9 нысанының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр, олардың жалпы қуаттылығы 113,05 МВт болмақ.

Дереккөзі: news.nur.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар