EXPO-2017

Студенттер өндірістік тәжірибеден өтуге заң жүзінде міндеттелмек - БҒМ

11.11.2014

7810

Қазақстанда студенттер өндірістік тәжірибеден өтуге заң жүзінде міндеттелмек. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында мәлім болды.

«Заң жобасы бойынша заңнама деңгейінде студенттердің кәсіпорындардан өндірістік тәжірибеден өтуін міндеттеу бекітіледі. Бұдан бөлек, стандарттар бойынша техникалық және кәсіптік білім беруді тегін негізде жүзеге асыру ұсынылады. Айта кетерлігі, ондағы студенттер де тәжірибеден өтеді. Алайда, олар ведомстволық түрде министрлікке бағынбайтын ұйымдардан өтіп жүргендіктен, біз өндірістік тәжірибелерді тегін негізде жүзеге асыруды заңнамада қамтуды ұсынамыз. Осыған орай, ұлттық кәсіпкерлер палатасымен жұмыс істеудеміз, мақсатымыз аталған норманың толыққанды қамтылуы», - деді Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев.

Бұл ретте вице-министр жыл сайын 25-30 мыңға тарта мектеп бітірушілер жоғары оқу орындары мен колледждерге оқуға бармайтынын, соның салдарынан ешқандайда кәсіптік білімге ие еместігін атап өтеді.

«Сондықтан да, техникалық және кәсіптік колледждерде тегін оқыту туралы бұл норма аса қомақты қаражатты талап етеді. Дегенмен, 2019 жылдың 1 қыркүйегінен осы норманың жұмыс істегенін қалаймыз», - деді ол.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар