Өзектi

«Астана медицина университеті» КеАҚ Халықаралық конференциясына қатысты

10.10.2019

4145

2019 жылдың 1-2 қазан аралығында «Астана медицина университеті» КеАҚ- 55 жылдық мерейтойына арналып өткізілген студенттер мен жас ғалымдардың «Медициналық ғылым мен білім: жастық жалын және ұмтылыс–2019» атты халықаралық ғылыми–практикалық конференциясы өтті.

Біздің университеттің атынан «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттері Мұсабеков Мұхтар және «Стоматология» мамандығының студенті Садыкова Анар «Студент-Донор» ғылыми-зерттеу жобасының аясында ҰҒА «СМУ» КеАҚ студенттерінің қан топтары мен резус факторларын зерттеу» атты жұмысына қатысты.

«Студент-Донор» ғылыми жобасы 2018-2019 оқу жылында ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушыларының ғылыми жетекшілігімен және «Семей қалалық қан құю орталығы» мен ортақ қызмет туралы меморандум жасалынып, бірге жүзеге асырылды.

Біздің студенттеріміз Мұсабеков Мұхтар мен Садыкова Анар био-морфофизиологиялық пәндер секциясына қатысып, құрметті ІІІ орынға ие болды, сонымен қатар Халықаралық конференция жұмысына белсенді қатысқаны үшін сертификаттарға ие болды.

ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасынан «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенті Мұсабеков Мұхтар мен «Стоматология» мамандығының студенті Садықова Анарды жүлделі орын алғандары үшін, жұмысқа деген саналы қөзқарасы мен студенттік ғылымның дамуына лайықты үлес қосқан үшін құттықтаймыз.

Ажарова А.К., ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы

Дереккөзі: semeymedicaluniversity.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар