Өзектi

Қазақ ғылыми-зерттеу Ветеринария институты ғалымдары еліміздің әр түрлі аймақтарының ветеринариялық қолайлылық жүйесін жасады

24.06.2019

4450

Қазақ ғылыми-зерттеу Ветеринария институты ғалымдары Қазақстан Республикасының әр түрлі аймақтарында ауылшаруашылық малдарының өте қауіпті инфекциялық және паразитарлық ауруларына эпизоотологиялық мониторинг жүргізді, малдан және өсімдіктерден алынған өнімдердің сапалылығын идентификациялау және бақылауға арналған тиімді әдістемелер мен тест-жүйелері жасалынды.
Соңғы 4 жыл ішінде жануарлар бруцеллезі бойынша скрининг зерттеулер нәтижесінде, Қазақстан Республикасындағы эпизоотиялық және эпидемиологиялық жағдай кейбірде нашарлап, ал кейбір облыстарда жақсару үрдісі байқалуда.
Биылғы жылда ҚазҒЗВИ және ҒЗВС қызметкерімен түрлі эпизоотиялық дәрежесі бар 327 эпизоотологиялық бірліктерге (елді-мекендер, шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және жекеменшік аулалар) ХЭБ формула бойынша алдын-ала таңдалған, республикамыздың 14 облысының кейбір аудандары мен ауыл округтерге сапарға шықты. Сол жерлерден шаруашылық жағдайында 58 046 қан сарысуы сынамалары алынды, олар институт зертханасының жағдайында серологиялық зерттеулермен бруцеллезге тексерілді. ҚазҒЗВИ қызметкерлерімен серологиялық зерттеулермен бруцеллезге 212 ЭБ ішнде 20805 бас ІҚМ және 115 ЭБ ішінде 37241 бас ҰҚМ тексерілді, одан барлығы 518 бас мал бруцеллезге оң нәтиже көрсетті, тиісінше 224 бас (1,07 %) ІҚМ және 294 бас (0,78%) ҰҚМ.
Қазақстанның түрлі өңірлерінде таңдалған шаруашылықтарынан ІҚМ және ҰҚМ бактериологиялық және молекулярлы-генетикалық (ПТР) зерттеу үшін 820 сынама биологиялық сынама (тұтас қан және паренхиматозды ағзалар мен лимфа түйіндері) алынды, олар да ҚазҒЗВИ зертханасының жағдайында зерттелді. Биылғы жылы зерттелген жануарлар биоматериал сынамаларынан, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарынан 21 бруцелла өсінділері бөлініп алынды, соның ішінде ҰҚМ бөлінген 10 өсінді B. melitensis түрі және ІҚМ бөлінген 11 B.abortus түрі.
Жалпы алғанда, 2016 жылы ҚР-да 414451 шошқалар, жылқылар, түйелер, иттер серологиялық зерттеуге алынды, оның ішінде 417 оң нәтиже берген жануарлар бар, ол 0,10% құрайды. СЭС мәліметтері бойыша биылғы жылы республикада жануарлардың басқа түрлерінде аурудың пайыздық көрсеткіші сәтті шаруашылықтарда 0,06%, ал сәтсіз шаруашылықтарда - 1,4% құрады. Сонымен, медициналық және ветеринариялық қызметтердің мәліметтері бойынша жануарлардың басқа түрлерінде аурудың пайыздық көрсеткіші жыл сайын артып келеді.
ҒЗВС филиалдарымен бірлесіп ҚазҒЗВИ 58046 бас ІҚМ және ҰҚМ малды бруцеллезге скринингтік зерттеулері нәтижесінде, ҚР 14 облысының жеке аудандарының бруцеллез бойынша әртүрлі эпизоотологиялық статусы бар 327 эпизоотиялық бірліктің ішінен аурудың індеттік жағдайы анықталды.
Республика аумағы жалпы және әрбір облыс бойынша аймақтандырылды, малдар арасында бруцеллездің таралу қаупі жоғары, орташа және төмен деңгейдегі аудандар және аурудан таза аумақтар көрсетілген эпизоотологиялық карта жасалды.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар