Өзектi

Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде жаңа қой мен ешкі генотиптері өсірілді

11.06.2019

3384

«Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» филиалының ғалымдары а.-ш.ғ.д., профессор С.Р.Оспанов, а.-ш.ғ.д., Ж.А.Салимбаевтың ғылыми жетекшілігімен Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі қолданыстағы және жаңа қой мен ешкі генотиптері жетілдіріліп, өсірілді.
Жоба барысында қазақтың биязы тұқымының күрті тұқымішілік сүлесі үш желісінің селекциялық аналық тобы 1500 бас құрылды, тірілей салмағы 63 кг, таза жүн түсімі 2,7 кг.
Аналықтардың селекциялық топтары жалпы саны қазақстандық меринос тұқымы 2,8 мың басқа жеткізілді, оңтүстік қазақтың мериносының шөлейт типінің аналықтары (1,4 бас), қазақ арқармериносының нарынқол тұқымішілік типі (1,5 мың бас). Етті меринос тұқымының қалың жүнді тұқымішілік типі ата-ананың жүнін өнімділігіне іріктеу алынған бір жасар ұрпақтың өнімділігі зерттелді.
Биязылау жүнді қой шаруашылығы бойынша қазақтың етті тезжетілгіш биязылау қой тұқымынын өнімділік қасиеттері зерттеліп, 1,5 мың бас селекциялық тобы құрылды.
Ал етті-майлы қой шаруашылығы жөнінен аналықтардың селекциялық топтары құрылды саны және тірілей салмағы тиісінше: едилбай тұқымы – 1786 бас, 73,6 кг; сарыарқа (сарысу типі) – 710 бас, 67 кг және қазақтың ұяң жүнді құйрықты (қарғалы типі) – 740 бас, 61,2 кг және шығарылып жатқан «Аккарабас» тұқымы - 1896 бас, 66,4 кг.
Ешкі шаруашылығы бойынша аталық із бойынша өсірудің әртүрлі нұсқаларынан алынған 8 және 18 айлық лақтардың өнімділік қасиеттері анықталды.
Зерттеу нәтижесінде қазақтың қылшық жүнді ұзын қылшықты лақтарының 4 айлығында 19,8-21,2 кг, 8 айлығында 24,10-26,5 кг, 12 айлығында 26,21-27,18 кг, 18 айлығында – 33,9-36,7 кг салмақтарда болды, ал қысқа қылшықты қарағанда лақтардың салмағы негізінен 8,2-9,5; 0,8-4,5; 0,8-1,1; 12,6-5,7 %-ға артты.
Таулы-алтай түбітті ешкілерінен шыққан будан ешкілердің лақтарының 4 айлығында салмағы – 18,5-19,4 кг, 8 айлығында – 24,36-25,5 кг, 12 айлығында - 26,8 кг, 18 айлығында 32,2 кг жетті, таулы-алтай түбітті ешкілердің лақтарына қарағанда 17,5-18,23; 21,75-23,39; 26,0-30,2 кг айырмашылық салмаққа шаққанда тиісінше 5,7-6,4; 12,0-9,0; 6,6% -ға артты.
Тірілей салмақ бойынша будан нубий тұқымының 4 айында шыбыштарда 22,9, еркек лақтарда 24,5 кг ал 18 айлығында тиісінше 37,5 және 45,7 кг-да болды.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар