Өзектi

Scopus-тан ғалымдарға арналған нұсқаулық: «ұрлаушы» журналдарға қалай тап болмау керек

24.01.2018

5257

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2017-ші жылдың 1-ші қазанынан бастап барлық ғылыми ұйымдарға Science Direct және Scopus базаларына кіруге қолжетімділік ұсынды. Енді отандық ғалымдар өз бетінше Scopus-та ғылыми журналдың қызметін саралап, өзін «ұрлаушы» журналдарға тап болмаудан қорғай алады.

Кейбір қазақстандық ғалымдар өз зерттемелерін «ұрлаушы» журналдарда жариялайды. Олар өз бетінше ғылыми материалдарды жазғысы келмей, жалған мақала жариялайтын баспалар мен журналдарды пайдаланғысы келеді. Олар еш жерде индекстелмейді, өз парақшаларында Web of Science және Scopus мәліметтер базасындағы журналдың рейтингін өлшеу коэффиценті - Impact Factor және CiteScore көрсетеді. Мұндай метрикалар ғылыми жарияланымдардың дәйексөзделу статистикасын көрсетеді.

Сонымен қатар «ұрлықшылықтың» тағы бір түрі беделді баспалардың «айналық сайттары» болып табылады, онда жиі түрде контенттің толық немесе ішінара сәйкестігі кездеседі.

«Ұрлаушы» баспаларға тап болмау үшін не істеу керек? Біріншіден, мақаланы жарияламас бұрын, журналды тексеру қажет. Екіншіден, Impact Factor көрсеткішіне назар аудару керек, ол 1-ден асып тұруы тиіс. Үшіншіден, баспадағы жарияланған материалдың санын сараптап шығу қажет, себебі олардың күрт өсуі жалған қызметтік көрсеткіші болуы мүмкін. Төртіншіден, ғалым жарияланымдар саны мен олардың дәйексөзделуін есепке алуға негізделген Хирш индексімен жұмыс істеуі қажет. Сонымен қатар Scopus мәліметіне сүйене отырып, журналдардағы тегін мақалаларға да назар аударған абзал.

Ғалымдарға көмек ретінде үздік баспалардың рейтінгін анықтауға мүмкіндік беретін ресурстар жасалған. Олардың бірі Journal metrics болып табылады, онда әрбір ғалым журналдар, олардың рейтінгісі, және дәйексөзделу саны туралы ақпарат ала алады.

Elsevier Journal Finder - Elsevier Fingerprint Engine платформасында құрылған журналды іріктеп алуға арналған құрал.

Қажетті журналды іріктеп алу үшін тақырып, абстракт және жарияланым саласын алға қою керек. Жүйе жарияланым мерзімі, ресми бағасы (егер ол Open Access болса), CiteScore Scopus және Impact Factor Web of Science рейтингтік коэффиценттері туралы ақпаратты көрсете отырып, сәйкес келетін баспаны іріктеп береді.

Айта кететін жайт, «ұрлаушы» журналдарда өз жұмыстарын жариялайтын ғалымдардың барлығын жалпылаған дұрыс емес. Олардың арасында жоғары рейтингке ие халықаралық беделді журналдардағы жарияланымдарға үміттенерліктей ғылыми жұмыстар жазып, делдал компаниялардың көмегіне жүгінгендер де бар. Нәтижесінде ол мақалалар «ұрлаушы» журналдарға аттандырылған. Кейбір ғалымдар журнал тегін екенін білмей, жариялану үшін ақша төлеген.

Elsevier командасы әрдайым тізімі әрбір 3 айда жаңартылып отыратын индекстелетін баспалардың сапасын бақылап отырады. 2009-шы жылдан бастап жалған жұмыс істейтін журналдардың индекстелуі тоқтатылған (қазір ол тізімге 299 журнал енген).

Автор: Орталық Азия және Әзірбайжан бойынша Elsevier аймақтық директоры

Әлия Оспанова

Дереккөзі: sc.edu.gov.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар