Өзектi

Clarivate Analytics бойынша ғылыми мақаласы жоғары сілтемеге ие болған қазақ ғалымдары марапатталды

08.11.2017

6386

Бүгін «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ы мен Clarivate Analytics компаниясының бірлесіп ұйымдастыруымен «Ғылым лидері – 2017» сыйлығы тапсырылды. Жыл сайын берілетін дәстүрлі сыйлыққа Web of Science Core Collection ресурсында 2014-2016 жылдары ғылыми мақалалар жариялап, жоғары сілтемелік көрсеткішке ие болған отандық ғалымдар қол жеткізді.
Айтулы шараға еліміздегі білім саясат және экономика саласында еңбек етіп жүрген беделді тұлғалар қатысты. Шараны ашқан «ҰМҒТСО» АҚ президенті Әділ Ыбыраев:


– Бүгінде ғаламдық заманауи даму үрдісі жаһандану мен ынтымақтасыққа негізделегенін бәріміз білеміз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан алты жыл бұрын отандық ғылымды дамту үшін дүниежүзіндегі беделдің ғылыми мәліметтер қорына қолжетімділікті арттырудың маңызын айтқан еді. Қазір бұл бағытта атқарылған жұмыстар оң нәтижесін беріп, Қазақстан ғылымы әлемдік ғылыми қоғамдастықпен терең ынтамқтастық орнатуына ықпал етті. Ғаламдық маңызы жоғары сондай мәліметтер қорының бірі – Clarivate Analytics компаниясы. Аталмыш ғылыми мәлеметтер қорының сараптамалық, ғылыми қызметтің негізгі индикаторларын және ғылым саласындағы әлемдік үрдістерді анықтауда маңызды роль атқарады. Бүгінде «ҰМҒТСО» Clarivate Analytics компаниясы дәстүрлі «Ғылым лидері – 2017» ұйымдастыруы ғылым саласындағы ынтымақтастықтың жемісі деп есептеймін. Ғылыми мақалалары жоғары сілтемеге ие болып, еліміздің отандық ғылымның өрге басуына еңбек сіңірген ғалымдарды шын жүректен құттықтаймын! – деді.


Жыл сайын ұйымдастырылатын «Ғылым лидері – 2017» сыйлығы екі аталым бойынша берілетінін естеріңізге саламыз. Олар – «Қазақстандағы үздік ғылыми басылым» және «Шетелдің авторларынсыз ғылыми мақала жариялап, жоғары сілтемеге ие болған қазақстандық ғалым» болып жіткелді. Бірінші аталым бойынша Emerging Sources Citation Index (Clarivate Analytics) индексіне ие болған қазақстандық ғылыми журналдар мараптталады. Ал «Шетелдің авторларынсыз ғылыми мақала жариялап, жоғары сілтемеге ие болған қазақстандық ғалым» аталымы бойынша физика, техника, медицина, биология және аграрлы ғылым саласында еңбек етіп жүрген ғалымдар марапатталатын болады.


Халықаралық Clarivate Analitics компаниясының Emerging Sources Citation Index индексіне биыл Қазақстанның алты ғылыми журналы ілігіп, үздік ғылыми басылымдар деген атаққа ие болды. Осылайша төмендегі ғылыми журналдар арнайы дипломға ие болды.
• Eurasian Mathematical Journal. Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің басылымы.
• Eurasian Chemico-Technological Journal. Жану мәселелері институтның журналы.
Сонымен қатар Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің үш бірдей ғылыми журналы үздіктер қатарынан көрінді. Олар:
• Bulletin of the University of Karaganda – Chemistry.
• Bulletin of the University of Karaganda – Physics.
• Bulletin of the University of Karaganda – Mathematics.
• Central Asian Journal of Global Health. «Назарбаев Университетінің» ғылыми басылымы.
Ал «Шетелдің авторларынсыз ғылыми мақала жариялап, жоғары сілтемеге ие болған қазақстандық ғалым» аталымы бойынша физика саласы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қазақ-Британ техникалық университетінің ғалымдары марапатталды.

Олар;
- Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы, физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ғылыми-инновациялық қызметі бойынша проректоры;
- Ғабдуллин Маратбек Төлепбергенұлы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, PhD доктор, Қазақ-Британ техникалық университетінің ғылым және инновоция жөніндегі проректоры;
- Исмағамбетова Томирис Нұрланқызы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Физика плазмасы және компьютерлік физика кафедарасының ассистенті.


Тағыда физика саласы бойынша Математика және матемаикалық модельдеу институтының ғалымдары мараптталды.
- Садыбеков Махмуд Әбдісәметұлы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, Математика және матемаикалық модельдеу институтының бөлім меңгерушісі.
- Төребек Берікбол Тілләбайұлы, математика ғылымның докторы, Математика және матемаикалық модельдеу институтының ғылыми қызметкері.


«Шетелдің авторларынсыз ғылыми мақала жариялап, жоғары сілтемеге ие болған қазақстандық ғалым» аталымы бойынша химия саласы бойынша Д.В. Сокольский атындағы Отын, катализ және электрохимия институтының ғалымдары марапатталды.
- Итқұлова Шолпан Сембайқызы, химия ғылымдарының кандидаты, профессор, .В. Сокольский атындағы Отын, катализ және электрохимия институтының ғылыми қызметкері.
- Нұрмақанов Ержан Еслямбекұлы, химия ғылымдарының докторы, Отын, катализ және электрохимия институтының кіші ғылыми қызметкері.


Химия саласы бойынша Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінің ғалымдарының да ғылыми жұмыстары жоғары сілтемеге ие болды. Олар:
- Дәулетбаков Тимур Суанұлы, техника ғылымдарының докторы, профессор.
- Шоқыбаев Нұрлан Маратұлы, техника ғылымдарының докторы, «Тране Текникк» мекемесінің техникалық сарапшысы.
«Шетелдің авторларынсыз ғылыми мақала жариялап, жоғары сілтемеге ие болған қазақстандық ғалым» аталымы бойынша медицина саласы бойынша «Назарбаев университетінің» ғалымдары айтуылы марапатқа ие болды.
- Сұлтанқұлов Болат Мұхтарұлы – «Назарбаев Университетінің» PhD докторанты, «Клеточная терапия» ЖШС директоры (Астана).


Медицина саласы бойынша «Назарбаев Университетінің» келесі ғалымдары марапатталды;
- Салиев Тимур Мойдынұлы, «Назарбаев Университетінің» Өмір туралы ғылым орталығының трансляциялық зертханасының меңгерушісі,
- Буланин Денис Сергович, «Назарбаев Университеті» биомедицина және молекулярлы биология бойынша PhD докторы.
«Шетелдің авторларынсыз ғылыми мақала жариялап, жоғары сілтемеге ие болған қазақстандық ғалым» аталымы бойынша биология және аргарлық саласы бойынша Қазақ орман шаруашылығы және агролесомелиорациясы ҒЗИ мен «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің ғалымдары марапатталды. Олар;
- Мұқанов Болат Мәжитұлы, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ орман шаруашылығы және агролесомелиорациясы ҒЗИ Бас директоры.
- Кириллов Виталий Юрьевич, Қазақ орман шаруашылығы және агролесомелиорациясы ҒЗИ Бас диреторының ғылым жөніндегі орынбасары.
- Серафимович Мария Вячеславовна, Қазақ орман шаруашылығы және агролесомелиорациясы ҒЗИ-дің ғылыми қызметкері.
- Атажанова Гаянэ Абдулкахимовна, химия ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, профессор, «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің химиия терпеноидтары зертханасының меңгерушісі.
Дәл осы биология және аргаралық сала бойынша Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ-нің бір топ ғалымдары марапатталды. Олар;
- Сансызбай Абылай Рысбайұлы, ветеринария ғылымының докторы ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ-нің Бас директоры.
- Еспембетов Болат Аманбайұыл, – ветеринария ғылымының кандидаты, Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ-дің бөлім меңгерушісі.
- Асанжанова Нұрика Нарынбекқызы, медицина ғылымның кандидаты, Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ-дің бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы.
- Қыдырбаев Жайлаубай – ветеринария ғылымының кандидаты, профессор. Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ-дің жетекші ғылыми қызметкері.
- Зинина Надежда Николаевна, ветеринария ғылымының кандидаты, Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ-дің аға ғылыми қызметкері.


«Шетелдің авторларынсыз ғылыми мақала жариялап, жоғары сілтемеге ие болған қазақстандық ғалым» аталымы бойынша гумантарлы-әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша ҚазМЗУ ғалымы марапатталды;
- Сейлов Ғалимжан Айдарқұлұлы, – PhD доктор, ҚазМЗУ-дің аға оқытушысы (Астана).




«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар