Өзектi

КСЕНИЯ КАРШЕВА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

06.12.2016

5357

Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналып, еліміздің барлық өңірлеріндегі ЖОО өкілдерінің басын қосқан «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық патриоттық фестивалінің форумы болып өтті. Форумға қатысқан технологиялық факультетінің студенті Ксения Каршева жүлдегер атанды.

Фестивальді ұйымдастырушылар – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, «Жас Отан» жастар қанаты және Алматы қаласы әкімшілігі.
Қазақстан қоғамының жемісті дамуындағы маңызды шарттың бірі еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси және қоғамдық өміріне жастардың белсенді қатысуы болып табылады. Ел тәуелсіздігі қалыптасуының алғашқы екі онжылдығы барысында орын алған әлеуметтік-саяси қайта жаңғыруда айтарлықтай дәрежеде “алғашқы нәтиже” болып табылатын студент жастар буыны ерекше мәнге ие.
Фестиваль аясында бір ай бойы хабарланған байқаулар бойынша студенттік жұмыстар қабылданды. Олар: «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар байқауы, «Мен өз елімнің гүлденуі үшін не істей аламын» атты студенттік эссе байқауы және «Мен жастарға сенемін!» тақырыбында студенттік поэзиялық азаматтық-патриоттық шығармалар байқауы болды. Әр байқау бойынша секциялық отырыстар өтіп, әділ-қазылар алқасы жүзден жүйрік шыққандарды таңдап, әділ шешімін шығарды. Ұйымдастырушы комитетке еліміздегі жоғары оқу орындары студенттерінен 1500-ға тарта жұмыстар келіп түсіп, ең үздік 400 автор байқаудың екінші кезеңі Gala-форумға қатысуға шақырту алды.
Gala-форум аясында әр өңірлерден келген қатысушылар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Керемет» жастар ресурстық орталығымен, студенттік бизнес-инкубаторы, студенттік клубтар жұмысымен және студенттік инновациялық жобалар көрмесімен танысты.
Беделді мамандардан құралған тәуелсіз әділ-қазылар әрбір конкурс бойынша фестивальдің жеңімпаздарын анықтады. «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік эссе байқауында жүлделі орынды алып, бір жыл тегін оқу грантының сертификатының иегері біздің студент Ксения Каршеваға бұйырды.

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ

Дереккөзі: tarsu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар