Өзектi

ТАРМПИ-ҒА КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛШІСІ КЕЛДІ

28.11.2016

5616

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарова Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чо Ёнг Чонмен кездесті.

Дипломатты қарсы алған оқу орнының басшысы өз сөзінде Қазақстан Шығыс Азиядағы серіктесі Корея Республикасымен арадағы жан-жақты ынтымақтастық байланыстарға айырықша назар аударатынын атап өтті. Жүздесу барысында Астана мен Сеул арасындағы тұрақты байланыстың деңгейінің өсіп отырғандығы айтылды.
ТарМПИ ректоры биылғы жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Кореяға жасаған ресми сапары екі ел арасындағы тығыз достық байланыстың қарқынын өсіргенін мәлімдеді.
Кездесуде Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының оңтүстіккореялық жоғары оқу орындарымен өзара әріптестік қарым-қатынасының маңыздылығы да айталды.
– Педагогикалық институтта 2001 жылдан бері корей тілі екінші шет тілі ретінде оқытылып келеді. Бүгінде Филология факультетінің 70 студенті корей тілін меңгеруде. Қазіргі күнде Оңтүстік Кореяның жетекші жоғары оқу орындарымен байланыс орнатудамыз. Алдағы уақытта бірлесіп ғылыми орталықтар ашуға ниеттіміз, – деді институт ректоры Дария Қожамжарова.

Өз кезегінде Чо Ёнг Чон екі ел арасындағы ынтымақтастық жайы туралы әңгімелеп, ТарМПИ басшысы айтқан ұсынысқа ықпал жасайтынын жеткізді.

Дереккөзі: tarmpi.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар