Өзектi

Елбасы Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы заңға қол қойды

13.11.2015

6939

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекет басшысы бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға мақсатында ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялық пайдалануға жағдай жасау, жеке кәсіпкерлік субьектілерді ғылыми зерттеу жұмыстарына тарту жолымен ғылыми саланың тиімділігін, инновацияларды енгізу деңгейін жоғарылатуға және экономиканың басым секторларында жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға бағытталған «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар