Өзектi

Лондонда британдық және қазақстандық университеттердің форумы өтті

05.11.2015

5731

Лондонда Ұлыбритания мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі басшыларының қатысуымен британдық және қазақстандық университеттердің бірінші форумы (UK – Kazakhstan Universities Forum) өтті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен және Ұлыбританияның Кәсіпкерлік, инновациялар және дағдылар министрлігінің, Британдық Кеңес пен UK Trade & Investment қолдауымен өткен Форум бірінші басшылары face-to-face үлгісінде халықаралық білім беру бағдарламаларын іске асыру саласындағы ынтымақтастықтың болашағы туралы талқылаған 35 қазақстандық және 32 британдық жоғары оқу орындары үшін тәжірибе алмасудың біріңғай алаңына айналды.

Атап айтқанда, пленарлық отырыста Қазақтсан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Б. Сәрінжіпов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.М. Мұтанов, Жоғары білім беру бойынша Ұлыбританияның Халықаралық агенттігінің саясат бойынша директор орынбасары Дэн Ша, Алматы менеджмент университетінің ректоры А.Б. Қожахметов, Уорик университетінің басшысы Яна Полмовски, сонымен қатар «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғ.С. Нығыметов сөз сөйледі.

Кездесу барысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының және индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының басым жобалары үшін Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарында қазақстандық мамандарды даярлау мүмкіндіктері қарастырылды. Форумның қатысушылары одан әрі ынтымақтастықтың жетістіктері жайлы талқылады және ортақ ғылыми зерттеу жобаларын іске асырудың, соның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде SplitPhD бағдарламасы бойынша жас ғалымдарды даярлау арқылы іске асырудың жаңа бағыттарын атап өтті.

Форум алаңы отандық жоғары оқу орындарының өкілдеріне қазақстантық білім беру сегментінің экспорттық әлеуетін таныстыруда және британдық әріптестермен екі жақты кездесулер өткізуге мүмкіндік берді. Жалпы Face-to-face meetings үлгісінде британдық және қазақстандық жоғары оқу орындарының одан кейінгі ынтымақтастығы туралы 100-ге жуық келіссөздер ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, іс-шараның қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды. Мысалы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Назарбаев университеті және Кембридж университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Осыған ұқсас меморандумдарға екі мемлекеттің басқа да ұлттық, мемлекеттік және жекеменшік жоғары оқу орындары қол қойды.

Дереккөзі: edu.gov.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар