Өзектi

Елбасы АӨК-те Ұлттық ғылыми кеңес құруды ұсынды

08.09.2015

5408

Бүгін астықты өңір әкімдерімен кеңес өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев агроөнеркәсіп кешенінде Ұлттық ғылыми кеңес құруды ұсынды.
Мемлекет басшысы өз сөзінде ауыл шаруашылығындағы ғылымның жай-күйі мүшкіл екендігін еске салып өтті.

«АӨК-те Ұлттық ғылыми кеңес құру қажет. Тікелей қаржыландырудың орнына ғылыми зерттеуге арналған бизнес қоғамдастықтардың шығындарын субсидиялауға көшу керек», - деді Елбасы.

ҚР Президенті ғылым мен кадрларды дайындауды біріктіретін бірыңғай ғылыми-білім беру орталықтарын құру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

«Үш аграрлық ЖОО-ны біріктіру, кадрларды дайындау жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығын құру міндеті тұр», - деді ҚР Президенті.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар