Өзектi

Халықаралық рейтингтік басылымдарда шығатын қазақстандық ғалымдардың мақалалары 34 пайызға өсті

12.01.2015

5656

Әлемнің белгілі басылымдарында қазақстандық ғылыми мақалаларының жариялануы артып келеді. Бұл туралы ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Такир Балықбаев мәлiм еттi.
Ғылымға жастардың тартылуы мен ғылыммен айналысатын адамдардың саны да артып келе жатқандығына тоқталған ол, «соңғы жылдары Қазақстан ғалымдарының нәтижелері бойынша әлемнің белгілі басылымдарында ғылыми мақалаларының жариялануы артып келеді. Осы орайда халықаралық рейтингтік басылымдарда шығатын қазақстандық ғалымдардың мақалалары 34 пайызға өсіп, өткен жылы 1874-ке жетті»,-деді.

Бұл тұрғыда министрлің орынбасары ғылымды басқарудың жаңа жүйесі толығымен қалыптасқанын, «Ғылым туралы» Заң қабылданғаннан кейін елімізде ғылымды басқаруда жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылғанын атап өтті.

Белгілі болғандай, соңғы жылдары ғылымға бөлінетін қаржы көлемі 2,5 есеге өсті. Егер 2010 жылы оның деңгейі 20 млрд. теңге болса, 2013 жылы 52,9 млрд. теңге, ал өткен жылы 49 млрд. теңгені құрады.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар