Өзектi

Өсімдік майынан фармакологиялық белсенді заттар алудың жаңа әдісі табылды

28.03.2018

5165

«Фитохимия» Халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі профессоры, фарм.ғ.д. С.А. Ивасенко орта хартолепис этилацетат сығындысынан, кәдімгі адыраспаннан спирт сығындысын, ортадан тепкіштік хроматографиясы бөліп алу және тиімділігі жоғары хроматография сұйықтығын қолдану арқылы терек бүршіктерінің сығындысынан бальзамнның полярлы емес фракциясынан фармокологиялық белсенді заттарды тазалап бөліп алудың жаңа заманауи әдістерін ұсынды. Өз кезегінде мұндай әдістер еңбек өнімділігін арттырады, бағасы қымбат тұратын органикалық ерітінділерге кететін шығынды азайтады.
Зерттеу бойынша 2013-2015 жылдар аралығында 8 мақала жарық көрген, оның 5-еуі шетелдік басылымдарда шыққан.
Аталмыш жоба «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» ЖШС-ның өндіріс базасына енгізіліп, орта хартолепис сығындысынан, кәдімгі адыраспан, терек бүршіктері бальзамынан фармакологиялық белсенді заттарды ала бастады.
Жоба жүзеге асырудың тәжірибелік маңызы өте зор, өйткені тиімді, экономикалық және экологиялық қауіпсіз технология және өсімдік шикізатынан фармакологиялық белсенді заттар алу фитохимияның саласының өзекті де басым міндеттерді бірі. Ортадан тепкіштік әдіс табиғи қоспаларды тазарту құралы ретінде және өсімдік сығындыларын бөлуде әлемнің жетекші университеттерінде кеңінен қолданылады, бірақ Қазақстанда алғаш рет осы жобада ғана енгізіліп отыр. Жасалған технология бойынша еңбек шығыны 2 есе азайып, өз кезегінде мақсаттық заттар – гроссгемин мен цинаропикриннің өзіндік құнын 3 есеге азайтады.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар