Өзектi

Кен өндіруде тау жыныстарының жағдайын болжау әдісі жасалды

12.12.2017

4567

Табиғи байлықтарды тереңінен қайта өңдеу кезінде тау жынысының жағдайына кешенді мониторинг жасаудың теориялық негіздерін жасалды деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Д.А. Қонаев атындағы тау-кен істері институтының ғалымы Г.П. Метакса Кеплердің Үшінші заңын қолдану арқылы кен өндіру кезінде тау жыныстарының жағдайын болжау әдістемесін әзірледі.
Сілтілі ерітінділердегі құрамында уран бар кендерді өңдеу оның радиобелсенділігін төмендетеді, бұл өз кезегінде жерге көмілген радиобелсенді қалдықтардан бөлінетін сәулелердің мөлшерін азайтудың тиімді тәсілі. Жасалған жоба Жердің беткі қабатындағы қысымдардың шоғырлануынан болатын апатты жағдайларды басқарудың шешімдерін табуға көмектеседі.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар