Өзектi

Май өнеркәсібі қалдықтарынан бетон дайындауға арналған созғыш қоспа әзірленді

08.12.2017

4739

М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, т.ғ.к. А.Б. Байбулеков бетон дайындауда май өнеркәсібі қалдықтарынан созғыш қоспа жасау технологиясын жасады деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі.
Өндіріс қоспасының тәжірибелік үлгісі әзірленіп, көпфункционалды қоспаның тәжірибелік партиясы дайындалды. Көпфункционалды МТС қоспасының тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақ нәтижесі бойынша тиімділігін анықтау барысында мекеменің стандарты (техникалық шарттары) СТ 2425-1958-01-ГП-002-2015 бекітілді.
Жоба бойынша 13 мақала жарық көрген, оның 1-еуі Skopus базасындағы нөлдік импакт-факторға ие журнал және ҚР 1 патенті бар.
Зерттеу нәтижелерін, яғни бетон және темірбетон өнімдері мен құрылымдарын «А.Р.Т. - Курылыс» ЖШС, «Тур-Ахмет и компания» ЖШС өндіріске енгізді.
Құрғақ ыстық климаттық жағдайда қатайған бетонға әзірленген қоспаны араластырса еріту кезінде қосылатын судың технологиялық және физикалық қасиеттері жақсара түсетіні анықталды. Бетондар мен құрылыс ерітіндісіне арналған жаңа қоспа бағасы қымбатқа түсетін шетелдік баламаларынды алмастырады және бетонның техникалық-эксплуатациялық қасиетін жақсартады.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар