Өзектi

2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша гранттық және нысаналы-бағдарламаларды қаржыландыру 30 мыңнан астам өтінім түскен

25.10.2017

5487

Бүгін «ҰМҒТСО» АҚ президенті Ә.Ыбыраевтың қатысумен орталықтың Фейсбуктағы парақшасында «Ғылыми жобалар мен бағдарламаларға мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу» тақырыбы аясында онлайн-конференция болып өтті. Онлайн-конференцияға орталықтан МҒТС жауапты қызметкерлер де қатысып, желі қолданушыларының сұрақтарына жауап береді.
Жақында ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша гранттық және нысаналы-бағдарламаларды қаржыландыру бойынша байқауының мерзімі өз мәресіне жеткені белгілі. Осы мәселе төңірегінде ой қозғаған Ә.Ыбыраев:
– Өткен жылмен салыстырғанда биыл «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» қызметкерлері әзірлеген Ақпараттық жүйеге ғылыми жобаны орындаушылар мен ғылыми жетекшілер өздерінің өтінімдерін онлайн-режимде тіркеу мүмкіндігіне ие болды. Осы ретте Ақпараттық жүйеде 30 мыңнан астам ғалым «жеке кабинетін» ашып, өз өтінімдерін тіркеді. Онлайн-режимде өтінімдерін тіркеуге қазақстандық ғылымдардан басқа алыс, жақын шетелдегі ғалымдарда қатысқанын атап айтуға болады, – деп орталық президенті әлеуметтік желі қолданушылар мен еліміздегі ғылыми ортаға түсініктеме берді.
Ақпараттық жүйенің жұмысын ғылыми ортаға жан-жақты түсіндіру үшін орталық қызметкерлері күнібұрын арнайы нұсқаулықтар дайындап, ғылыми қызметкерлерге жан-жақты түсіндірді. Айталық, «жеке кабинеттерді» қалай ашып, Ақпарттық жүйеге қалай өтінім беру турасында арнайы видеороликтер түсіріп Ақпараттық жүйенің басты бетіне орналастырылды. Сонымен қатар, туындаған сұрақтарға жауап беретін call-орталық пен шынайы уақыт бойынша хабар алмасатын чаттар жұмыс істеді.
Ақпарттық жүйеге келіп түскен барлық өтінімдерге Жеке тіркеу нөмері беріліп, бекітілген Ережеге сәйкес Ғылым комитеті ұйымдастырған байқауға ұсынылды. Бұдан кейін Ғылым комитеті бес күнтізбелік күннің ішінде ғылыми жобаларға мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жасау үшін орталыққа тапсырды.
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамадан өту ісі 3 кезеңнен тұрады, бұл 60 күнтізбелік күнге созылады.
Олар:
- тиісті тексеру критерийлерден өту (15 күн);
- сарапшыны анықтап, олармен келісім-шартқа отыру (15 күн);
- сараптаманың өзі, сараптама қорытындысын алу, тізімдегі нысандардың қорытынды балын төменнен жоғары қарай (30 күнтізбелік күн ішінде) ранжирлеу Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама нәтижелерінің негізінде құрастыру және нәтижелерін қарап, шешім қабылдауға Ұлттық ғылыми кеңеске жіберу.
Биыл енгізіліп, қолданысқа енген Ақпараттық жүйе барлық өтінім берушілердің электронды пошталарына жедел түрде өтінімдерінің Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қай кезеңінен өткенін және оның қорытындылары туралы автоматты түрде хабарлама жібереді. Сарапшылардың берген қорытындыларының мәтіні Ұлттық ғылыми кеңеске ұсынылғаннан кейін әрбір ғалым қорытындымен және Ұлттық ғылыми кеңестің түпкілікті қабылдаған шешімімен таныса алады.
Онлайн-конференция барысында «ҰМҒТСО» АҚ Президенті желі қолданушылардың сұрақтарын тиісті мамандарды тарта отырып, жауап берді. Онлайн-конференция төмендегі сілтемеден көре аласыздар.
https://www.facebook.com/ncste.kz/videos/2254711788088425/?hc_ref=ARTM3ZduGbXVbs9N2dX7W_YaV5v1Zml_Saf05Tb-kJ5TanGQDoOhDXSHr62tkD4bvmA

«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар