Өзектi

С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ғалымдары қалқанша безі қабынуын емдейтін жапсырма препарат ойлап тапты

03.04.2017

5481

С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ғалымдары адам денесінің сыртынан қолданатын трансдермальді терапевтік емдеу тәсілінің оңтайлы құрамын ойлап тапты, – деп хабарлайды «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның Қоғаммен байланыс қызметі.
Ғылыми жұмысты жүргізу барысында ҚазҰМУ-дің ғалымдары тиамазолдың физика-химиялық қасиеттерінің технологиялық жағдайын жан-жақты зерттеген және оның сапалы трансдермальді формаға айналуына баса мән бергенін айта кетуіміз керек.
Ғалымдардың айтуынша, соңғы ондаған жылдарда елімізде эндокринологиялық ауруларға жататын қалқанша безінің қабынуы көбейіп кеткені белгілі. Сондықтан еліміздің эндокринолог дәрігерлері бұл бағытта бар күш-жігерін жұмысап жұмыс істеуде. Қалқанша безінің қабынуының күрт артуына байланысты қазіргі таңда антитериоидті препараттардың сатылымы айтарлықтай өскен. Бүгінгі әлемдік фармацевттік нарықта қалқанша безінің қабынуымен күресетін тиамазолдың дәрілік таблеткасы кең тарағаны баршаға аян. Егер отандық ғалымдар ойлап тапқан тиамазолдың дене сыртынан қолданатын трансдермальді терапевтік жүйесі фармацевтикалық компаниялар тарапынан қолдау тауып жатса, қалқанша безінің қабынуынан зардап шегіп жүрген жүздеген мың адамға үлкен көмек болары сөзсіз.
Қазіргі таңда қазақ ғалымдары тиамазолдың дене сыртынан қолданатын трансдермальді терапевтік жапсырмасының технологиялық негіздемесі мен белсенді есептік мөлшерін дайындауға қол жеткізген.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар