Өзектi

Қазақстан мен Ресей ғалымдары Ертіс жағасынан табылған «Сібір мүйізтұмсығының» құпиясын тапты

25.03.2016

5723

Томск палеонтологтары Қазақстандағы әріптестерімен бірге Павлодар облысында табылған көне мүйізтұмсық - эластромерийдің сүйектері осы түрдің ғылымға мәлім қалдықтарынан 320 мың жылдан астам кейінгі уақытқа жататынын анықтады.

Зерттеу қорытындылары American Journal of Applied Sciences ғылыми журналында жарияланған. Анықталғандай, сібірлік мүйізтұмсық біздің заманымызға дейін өмір сүре алған. Ғалымдар жұртты таңғалдырған осы жануарлар бертінге дейін тіршілік еткеніне дәлелдер тапты, деп жазады RG.

Ерте заманғы сүтқоректі Elasmotherium sibiricum-ның тасқа айналған сүйектері Павлодар облысының Қожамжар кентінің жанында Ертіс жағалауында табылды. ТМУ-дің баспасөз қызметінен хабарлағандай, сүйектеріне қарағанда, табылған жануар тірі кезінде өте ірі және кәрі аталық болған. Оны басқа жануарлардан ерекшелеп тұрған - жалғыз ұзын әрі жуан мүйізі. Ғалымдар жақтары мен тістерінің құрылысын зерттеп, эластомерийдің өсімдіктердің тамырларымен қоректенгенін анықтады.

«Elasmotherium sibiricum бас сүйегінің бір бөлігі Белфаст университетінің зертханасына радиокөміртек талдауына жіберілді. Бұған дейін эластомерий шамамен 350 мың жыл бұрын өлді деп саналған еді. Алайда зерттеу бұл бассүйектің жасы небәрі 26 мың жыл екенін көрсетті», - деді ТМУ-дің доценті Андрей Шпанский.

Күн жылынған соң, ғалымдар Қожамжар ауылының маңындағы зерттеулерін қайта жалғастырмақ.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар