Өзектi

Алматыда жас ғалымдар Елбасы Жолдауын талқылады

04.12.2015

5145

Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының ғимаратында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Оған еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының жас ғалымдары мен үздік оқитын және қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын студенттері қатысты.

Елбасы қоры жанындағы Жас ғалымдар Кеңесінің Елбасы Жолдауын талқылауға байланысты ұйымдастырған бұл шарасы осымен бесінші жыл өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында жас ғалымдар Жолдауда дағдарысты еңсеруге байланысты белгіленген экономикалық шараларды ой елегінен өткізді.

«Статистикаға сүйенсек, елімізде мектеп түлектерінің барлығы бірдей жоғары оқу орындарына түсе бермейді. Неге? Өйткені жағдайлары келе бермейді. Сондықтан оларға тегін кәсіптік-техникалық білім беру бойынша қолға алынатын шаралар елімізде инвестициялық экономиканың дамуына қосылған тамаша үлес болар еді. Кәсіптік-техникалық мамандар - елімізге өте қажетті еңбек ресурстары», - деді өз сөзінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті Ернар Оңалбеков.

Өз кезегінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері Ермек Тоқтаров «Жолдауда жалпыға бірдей еңбек қоғамы жайлы кеңінен айтылғандығына тоқталып өтті .»Өйткені, ондағы шаралар арқылы тек орта тап қана емес, бүкіл Қазақстан халқының мүддесі қорғалады», - дейді ол.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар