Өзектi

Павлодарда математика пәнінен V облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті

11.09.2015

5188

Павлодар қаласында дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебі негізінде математика пәнінен V облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Бұл туралы Павлодар облыстық білім беру басқармасынан хабарлады, деп жазады pavlodarnews.kz.
Бес жыл қатарынан жасөспірімдер олимпиадасы облысымыздың барлық мектептерінен ең талантты, дарынды оқушыларды жинайды. Олимпиадаға 75 мамандандырылған білім мекемелерінен, Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары және Павлодар облысының аудандарынан жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша І орынды «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 7-сынып оқушысы Ж. Әбдіғалиев және дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Ә. Тоққожин н иеленді. Дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының 8-сынып оқушылары Д. Акулинин мен Р. Малюгин, дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы М. Шварцкопф және 8-сынып оқушылары Х. Әшенова мен А.Соловьева ІІ орын иегерлері атанды. ІІІ орын тұғырынан «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 7-сынып оқушылары Д. Карсенова, И. Мұратов, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 7 сынып оқушысы І. Рашитов, Екібастұз қаласы дарынды балаларға арналған № 1 лицей-мектебінің 8-сынып оқушысы О. Харахорина көрінді.

Олимпиада қатысушылары облыстық «Жалын» олимпиадалық резерв мектебінің тізіміне енеді және көктемгі каникул кезінде өтетін оқу-жаттықтыру жиындарына шақырылады. Жеңімпаздар Қ. Сәтбаев атындағы халықаралық олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алады.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар