Блоги

Добавить запись в блог
«Каспий – болашақ ұрпаққа аманат»
«Virtuoso» өнер мектебінде «Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының» қолдауымен,«Алаш мәдениеті» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 12 тамыз – Халықаралық Каспий күніне арналған «Каспий – болашақ ұрпаққа аманат» атты бейнелеу өнерінен байқау өтті. Атырау облысының жас суретшілері Каспий теңізінің сұлулығы мен мөлдірлігін қылқалам көмегімен әсемдеп бейнеледі. Тамаша табиғатпен қатар, экономикалық, әлеуметтік мәселелеріне де тоқталып өтті. Байқауға түскен жиырма жеті суреттің мақсаты мен айтар ойы әр түрлі. Оны байқау барысында әр қатысушы толықтай түсіндіріп өтті. Жұмыстың тақырып пен мазмұнға сәйкестігі, таныстырудың жаңашылдығы мен ерекшелігіне байланысты әділ – қазылар алқасы өз бағасын берді. Солардың ішінде назарға ілігіп, өте жоғары бағаланған 11 жастағы Дүзелбай Асемай мен 17 жастағы Дильназ Қадыржанқызы. Арнасынан тасып аққан көк теңіздің жан – жағы құм мен таспен суреттеледі. Теңізден сусып шыққан балықтарды көктен келген бүлдіршін алақанына салып алады. Жас суретші «табиғатты қорғау – өз қолымызда» деген ұранды осылай жеткізеді. Дильназ Қадыржанқызының суретінде теңіз аясындағы барлық тіршілік бейнеленген. Онда көк аспан, жүзген балық, ұшқан құс, кемелер, мұнай кен орны, құмды жағалауды кездестіруге болады. Жас мөлшеріне байланысты ерекшеленген байқауда балақайлар Каспий теңізіне саяхатын басты негізге алса, ересек қатысушылар экологиясы мен экономикасын қарастырады. Шексіз қиялмен бірақ нақты мақсатпен бейнелеген суреттердің ішінде Джарылгапова Мариям, Ғалымжан Айзада, Смагулов Амирхан, Мұратқызы Дильназ, Хайруллаева Анара, Баймуханова Ажардың туындалары үздік шығып, дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Автор: Дуйсенова Умит
Для того, чтобы оставить комментарий, вам необходимо пройти авторизацию на сайте