Қазақстандық ғылыми баспалар / «Отантарихы»


«Отан тарихы» - «Отечественная история» - «History of the Homeland» ғылыми журналы 1998 жылдан бастап Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология Институтында басылып шығарылады.

Басылымның мерзімділігі жылына төрт рет.

Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде шығарылады.

Журналдағы мақалалар жарияланымы Қазақстанның және Орталық Азияның тарихы, тарихтануы, тарихнамасы, археологиясы, этнологиясы, антропологиясы, мәдениетінің өзекті мәселелері бойынша іргелі, сонымен қатар қолданбалы сипаттағы жұмыстарды қосады.

Журнал тарихи ғылымдағы жаңа жетістіктерді қамтып көрсетуге, ғылыми жұртшылықты әлемдік тарихнама үрдісіндегі жаңалықтармен таныстыруға, қазақстандық гуманитарлықтардың зерттеулеріндегі инновациялық бағыттағы жаңа үрдістерді және дамуды, сонымен қатар жас ғалымдардың ғылымдағы ғылыми шешімдерін және тұжырымдамалық амалдарын, бастамаларын қолдауға бағытталған ғылыми журнал болып табылады.


Журнал бетіне сілтеме: iie.kz

6214