Айтулы шара

25.10.2018 «Нұр Отан» партиясының депутаттары «ҰМҒТСО» АҚ ұжымымен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілдері және «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын қолдау мақсатында «ҰМҒТСО» АҚ ұжымымен кездесу өткізді. Шараға ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрайымы, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Гүлнар Ықсанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Ольга Шишигина қатысты.


Басқосудың кіріспе сөзін «ҰМҒТСО» АҚ Президенті Әділ Ыбыраев бастап, орталықтың атқарып отырған жұмыстарының барлығы Елбасымыздың ғылым саласы бойынша алға қойған мақсаттарына сәйкес жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті. Ары қарай Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама басқармасы басшысының орынбасары Арайлым Ақболат өз басқармасының жұмыс барысын онлайн түрде таныстырып берді. Сондай-ақ, Ұлттық ғылыми кеңестер жұмысын ұйымдастыру басқармасының басшысы Тахир Азатұлы және Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаментінің директоры Маринат Бәпиева жұмыс үдерістері туралы толық және жан-жақты мағлұмат берді. Сала бойынша өзекті деген мәселелер де ортаға салынып, «ҰМҒТСО» ұжымы жұмысты жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Өз кезегінде депутаттар қосымша сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева орталықтың қызметі туралы жалпы түсініктерінің кеңейгендігін айтты. «Жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауда ғылым саласына баса назар аударылып жүргендігін білеміз. Осы бағыттағы жұмыстарыңызды жанашырлықпен атқарып жатқандарыңыз қуантады. Алдағы уақытта да алға қойған міндеттеріңізді жауапкершілікпен жасайтындықтарыңызға сенеміз», – деп сенім білдірді.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

2478
Қатысушылар
Қатысу