Айтулы шара

12.01.2018 Жолдау ел азаматтарының интеллектуалды ой-өрісін көтеруді көздейді

Бүгін «ҰМҒТСО» АҚ ұжымы жиналып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылап, көкейге тұнған ойларын ортаға салды. Басқосуды Қоғаммен байланыс және баспа департаментінің директоры Марат Пернеқұлов жүргізіп, баяндамаға жасаған әріптестеріне сөз кезегін берді.
Басқосуға қатсықан орталық қызметкерлері жылдың басты саяси құжаты ел халықтың тұрмыс жағдайын жақсартып, азаматтардың интеллектуалді ой-өрісін көтеруге бағытталғанын атап өтті. Бірінші болып баяндама жасаған Құқық және кадрмен жұмыс департаментінің бөлім басшысы Камила Махметова Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халықына арнаған биылғы Жолдауының маңызды тұстарын жіліктеп түсіндіріп берді.


Бұдан кейін мінбеге көтерілген Мемлекеттік ғылыми-техникслық сараптама басқармасы басшысының орынбасары Арайлым Ақболат Елбасы Жолдауы еліміздегі ғылымды дамытуға барынша мүмкіндік беріп отырғанын тілге тиек етті. «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алып, бүгінде елімізді өркендету жолында аянбай еңбек етіп жүрген жас маман соңғы уақыттары еліміздің цифрлы экономика құруда біраз жетістіктерге жеткенін алға тартты.
– Қазақстан ТМД елдері арасында цифрлы экономикаға құлаш ұрған бірден-бір мемлекет. Қазіргі таңда еліміз ақапарттық жүйелердің көмегімен бюрократиялық кедергілерді жеңіп, алға қадам басып келеді. Өткен жылы «ҰМҒТСО» АҚ қазақ ғалымдарының гаранттық қаржыландыруға ұсынған өтінімдерін ақпараттық жүйеде қабылдап, ғалымдардың уақытын үнемдеді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарымызды жетілдіріп, оның ашықтығын, уақыт үнемдейтін тиімділігін барынша дамыта түсетін боламыз, – деді Арайлым Ақболат.
Ал жиын соңында сөз алған орталықтың Қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Нұрлан Жұмахан Президент бұған дейінгі Жолдауларында ұстаздардың мәртебесін көтеру, педагог мамандар даярлайтын оқу орындарға қолдау турасында көп айтқанын еске алып, биылғы Жолдауда Президенттің «Еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет» деген ойы осыған дейінгі атқарылған іргелі істердің алдағы уақытта да жалғасын табатынын анықтап көрсеткенін алға тартты.
– Қазақ қоғамында мектеп оқушыларының жүктемесі ауыр екенін бәріміз білеміз. Бұған қатысты қоғамдық ортада сыни пікірлер көп айтылатынын да баршаға мәлім. Елбасы биылғы Жолдауында осы мәселеге айрықша мән бергені көпшілікті қуантты. Бұл турасында Президент: «Біздегі оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отыр және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп екенін ескеріп, оны төмендетуді ұсынамын» деп көпшіліктің көкейінде жүрген мәселені тапбасып айтты. Сонымен қатар Президентіміз Жолдауда жоғары білім беру ісінде жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейтуді ұсынуы өрынды бастама деп есептеймін. Бүгінде Қазақ ғалымдарының ғалымдық ақпараттық ғылыми мәліметтер қорына қол жетімділігі артқанын бәріміз білеміз. Күн өткен сайын отандық ғылымның өзге елдермен ынтымақтастық аясы кеңейіп келеді, – деді Нұрлан Жұмахан.


Биылғы Жолдауда жас ғалымдарға жағдай жасау ісі де назардан тыс қалмағаны белгілі. Ғылымды жаңадан бастаған жас ғалымдардың әбден төселген білікті ғалымдармен бәсекеге түсуі өте қиын. Сондықтан жас ғалымдардың дайындағын ғылыми жобаларын іске асыратын гранттарға бөлек квота бөлудің маңызы зор. Дәл осы бір өзекті мәселені байқаған Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Жас ғалымдарымызға ғылыми гранттар аясында квота бөліп, оларды қолдаудың жүйелі саясатын жүргізуіміз керек» деген болатын.
Осылайша Президент атқарушы билікке бір жыл бойына атқаратын жұмыстарын анықтап берді. Алдағы уақытта осы бағыт-бағдарды басшылаққа алып, алға қадам бассақ, жұмысымыз жемісті, тұрмысымыз келісті болатыны анық.

«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.

2240
Қатысушылар
Қатысу