Айтулы шара

16.08.2016 Білікті кадрлар жұмысын дамытуда «Болашақ» бағдарламасының мәні зор - Мемлекеттік хатшы

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтуде.

«Қалыптасқан жұмыс кестесіне байланысты комиссиямыздың отырысын өткіземіз. Қазір әлемдік экономиканың жаңа моделі қалыптасқанда білімді әрі жоғары білікті кадрларға деген сұраныс күн өткен сайын артып келеді. Әлемдік сарапшылар жуық арада білікті мамандарға деген тапсырыс үлкен болады деп болжауда»,-деп тоқталды Мемлекеттік хатшы.

Осы ретте ол Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында елдің адами капиталының дамуына арналған ауқымды инвестициялар мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атағанын еске салып өтті. Бұл тұста жоғары білікті кадрлар даярлау жұмыстарын одан ары дамытуда «Болашақ» бағдарламасының мәні өте зор.

Г. Әбдіқалықова өз сөзінде Мемлекет басшысы тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығында, медицинада, аэро-ғарыш және көлік индустриясында жаңа технологияларды енгізу бағытындағы жұмыстарды белсенді атқару керектігін атап өтті.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың басынан бері бағдарлама ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының 2016-2020 жылдарға арналған жаңа даму жоспары бойынша іске асырылуда, құжатта оны жаңартудың негізгі бағыттары белгіленген. Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша 700 стипендия бөлінді.

Автор: Руслан Ғаббасов

Дереккөзі: inform.kz

2077
Қатысушылар
Қатысу