Айтулы шара

21.06.2016 Ғылым құрылыстың құлашын жазады

Бүгін «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ның ғимаратында дәстүрілі ІV «Диалаог алаңы ғылым мен бизнес» басқосуы болып өтті. Бұл жолғы басқосу құрылыс саласындағы ғылыми жетістіктерге арналды. Кезекті жиынға еліміздегі ЖОО, ҒЗИ ғалымдары мен Қазақстан құрылысшылар қауымдастығының өкілдері, кәсіпкерлер қатысып, көкейде жүрген ойларымен бөлісті.


«ҰҒТАО» АҚ-ның Технологияларды коммерциялау басқармасы ұйымдастырған «Құрылыс индустриясы. Экономиканы «көтеруші кран»: инновация, нивестиция, инжиниринг» деген тақырыпта өткен жиында құрылыс саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген ізденушілер мен жетекші ғалымдар белсенді түрде қатысып, өздерінің инновациялық жобаларын жұртшылыққа таныстырды.


Соңғы жылдары «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат» орталғы ғылым мен бизнестің арасына дәнекер болып, ел экономикасын өркендетуге ықпал ететін жобаларды кәсіпкерлерге кеңінен таныстырып, ғылымды коммерциялауға күш салып келеді.
«Диалог алаңында» жаңа құрылыс материалдарын ойлап тапқан ғалымдар өздерінің жұмыстарын жұртшылық назарына ұсынды. Жану мәселелері ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Ерхан Әлиев жиналған қауымға үй тұрғызуға арнғалған 3D принтерін таныстырды. Ғалымның жұмысымен танысқанымызда жақын болашақта құрылыс саласына 3D принтерлердің дендеп еніп, маңызды орынға шығатынын түсінгендей болдық. Өз кезегінде ғалым іргедегі көршіміз Ресейде құрылыс саласына 3D принтерді қолдануға деген талпыныс артып отырғанын алға тартты.

Ерхан Әлиев


– 3D принтерлер алдағы уақытта құрылыс саласына іргелі бет бұрыс жасайтына сенімдімін. Заманауи қондырғыны қолданып құрылыс салғанда шығын көлемі артайлықтай азайып, сапалы үй тұрғызуға мүмкіндік туады, – деді Ерхан Әлиев. Жану мәселелері институтының тағы бір ғалымы Владимир Ефремов отқа төзімді материал ойлап тауып, жаңа құрылыс материалы еліміздегі іргелі нысандарды салуға кеңінен пайдаланып жатқанын алға тартты. Отқа төзімді материалмен ағаш бұйымдарды да қаптап, оларды өрттен сақтауға болады екен.
Ал Тараздан арнайы келеген М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғалымы Серік Нұрпейісов айтуынша, әулиеаталық ғалымдар түрлі өндірістік қалдықтардан заманауи құрылыс материалдарын шығарудың жолын тапыпты. Ізденімпаз ғалым басқосуда күкіртбетон жобасы жайында әңгімелеп, кәсіпкерлердің қызығушылығын оятты. Ол елімізде тау болып үйіліп жатқан күкіртті жол құрылысына кең көлемде пайдаланудың жолын тауыпты. Толықтай ғылыми негіздемесі жасалынған жобаны өндіріске енгізу үшін 80 млн. теңгеден астам қаржы керек екен. Ғалым күкіртбетон өндірісін жолға қойылатын болса, еліміздегі жол құрылысына жұмысалып жатқан қаржыны тиісті деңгейде үнемдеуге болатынын алға тартты.
Бұдан басқа ЕуроОдақтың «Горизонт 2020» бағдарламасының еліміздегі үйлестірушілер қазақ ғалымдарын осы жобаға қатысып, бақтарын сынауға шақырды.


Жиынға қатысқан тараптап мұндай маңызды басқосулар құрылыс саласын алға жылжытуда көп үлес қосатынын алға тартты. Сол себепті ғылым мен бизнестің арасына дәнекер болып жүрген «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығына» алғастарын айтты.
Қоғаммен байланыс бөлімі

2751
Қатысушылар
Қатысу