Айтулы шара

15.04.2016 ҰҒТАО мен ЭДЫҰ арасындағы әріптестік кеңейетін болды

«Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат отарлығы» АҚ басшылығы Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымның (ЭДЫҰ) өкілдерімен кездесіп, алдағы уақытта беделді халықаралық ұйыммен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеудің мәселесін талқылады.
Жиында басында сөз алған «ҰҒТАО» АҚ президенті Әділ Ыбыраев Қазақстан мен ЭДЫҰ ардағы байланыс аясының кеңеюі ғылым мен өндіріс саласының біте қайнасып жұмыс істеуіне ықпал ететінін алға тартты. Ал халықаралық ұйымның кеңесшісі Менферд Хорват мырза индустриалды-инновациялық экономика құру жолында қолға алған жұмыстар заман талабымен үндесетінін айтты.

– Қазіргі таңда біздер өндірісті өрге сүйреуде ғылымның локомотивке айналуына күш салып жұмыс істеп салып жатырмыз. Ғылымды қажетсінетін экономика құру еліміздің басым бағыттарының бірі. Осы маңызды міндетті атқаруда қазақ ғалымдарының әлемдік ғылыми қауымдастықпен ынтымақтасып жұмыс істеуінің маңызы зор. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарды коммерциялауда біз үшін өзекті мәселе болып тұр. Бүгінде елімізде ғылымды коммерциялаудың заңнамалық базасы жетіліп келеді. Алдамызға үлкен мақсат қойып, жұмыс істеп жатқан тұста ЭДЫҰ ынтымақтастық аясын кеңейту біз үшін пайдалы болмақ, – деп «ҰҒТАО» АҚ президенті ойын ортаға салды.
Өз кезегінде алыстан ат терлетіп келген меймандар Орталық Азиядағы жетекші ел Қазақстанмен арадағы байланысты жандандыруға мүдделі екенін және Қазақстандағы ЖОО мен ҒЗИ жұмыстарымен жақын танысуға мүдделі екендерін тілге тиек етті.
Жиын соңында қос тарап алдағы уақытта ақпарат алмасып, жұмыс істеуге уағдаласты.


«ҰҒТАО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

2247
Қатысушылар
Қатысу