Айтулы шара

06.02.2014 «Мини ЭКСПО – 2014»

Байқауға қатысып бақ сына!
2013 жылдың мамыр айында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы әкімдінің ұйымдастыруымен «Мини ЭКСПО – 2014» байқауы өтеді. Шара барысында «Болашақ энергиясы» атты жобаларға байқау жарияланып отыр.

Байқауға жаңа технологияларды әзірлеу ісімен айналысатын ғылыми және ғылыми-техникалық әрекет субъектілер, жобалық ұйымдар, өзге заңды және жеке тұлғалар қатыса алады. «Болашақ энергиясы» байқауының секциялық блоктары төмендегідей;
- жаңартылмалы және альтернативті энергия көздері, қуат үнемдеу және қуат тиімділігін арттыу;
- экологиялық қауіпсіздік қамтамасыз ету және ресурсты үнемдеу;
- «Жасыл» технологиялар дамыту.

Жобалар байқауына қатысу үшін үміткер өтінім және түсіндірме жазбасын 1 және 2 қосымша негізінде жазып, ұйымдастыру комитетіне жолдауы тиіс. Өтінімдер 2014 жылдың 1 наурызына дейін қабылданатынын ескертеміз. Қапы қалмаңыздар!

Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19-407 каб. тел.8 (7232) 257844, 87761729907. e-mail: mini-expo@mail.ru мекен-жайы бойынша ұсыну қажет.

Ізгі ниетпен, ұйымдастыру алқасы

2482
Қатысушылар
Қатысу