Ғылыми жаңалықтар

Қазақ ғалымдары метал құймаларын ағызудың жаңа технологиясын әзірледі

04.12.2019

3285

Қазақстанда метал экспорты жоғары деңгейде екені баршаға мәлім. Соның ішінде құйма металдарды сырт елдерге экспорттау ісі металлургияның өзге салаларымен салыстырғанда 90%-ды қамтитынын байқауға болады.
Осы ретте сапалы, заман талабына сай құйма металдар алудың отандық технологиясын қалыптастыру еліміз үшін өте маңызды дүние десек болады. Қазіргі таңда бұл мәселемен Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің техника ғылымының кандидаты, профессор В.Ю.Куликов бастаған ғалымдар кешенді түрде айналысуда.
Өз кезегінде қарағандылық ғалымдар «Құйлуы қиын метал құймаларын ағызудың өндірістік газдалған модельін дайындау» деп аталатын ғылыми-зерттеу жұмысын қолға алып, қазақстандық өндіріс ошақтарының сапалы өнім шығарып, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етуде.
Ғалымдар құйлуы қиын метал құймаларын ағызудың өндірістік газдалған модельі бірінші кезекте Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау заутында сынақтан өтіп, өндіріске енгізілгенін алға тартты.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар