КіруТіркелуЖоба туралы ФорумFAQБайланыс
  
Ұлттық ғылыми порталға қош келдіңіздер!
Бұл жерде қазақстандық ғылымның
жағдайы мен оның соңғы оқиғалары туралы ақпараттар ұсынылған.
Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн.
EXPO-2017
"Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар алудың ұлы мүмкіндігі..."
Н.Ә. Назарбаев
Әлемдік ақпараттық ресурстарға шығу мүмкіндігі:
Thomson Reuters, Elsevier, Science
eLIBRARY.RU және басқалары.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы
"Біздің жастарымыздың оқуы, жаңа білімдерді меңгеруі, ең соңғы дағдыларды игеріп,
білім мен технологияларды күнделікті өмірде іскерлікпен және тиімді қолдануы қажет".
Н.Ә. Назарбаев
– Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.
 
Видео заседаний и интервью председателей ННС
Қазақстанның
интерактивті картасы
Ғылыми жаңалықтар
18.09.2019  «Зерттеу реакторларын қолдану» жобасы бойынша халықаралық семинар

Курчатов қаласындағы ҚР Ұлттық ядролық орталығында «Зерттеу реакторларын қолдану» жобасы бойынша FNCA халықаралық семинары (Азиядағы Ядролық кооперация форумы) өз жұмысын аяқтады. Жұмыс аптасы барысында 10 елден келген мамандар FNCA-ге қатысушы елдердің халық шаруашылығының әртүрлі салаларында ядролық технологияларды пайдалану тәжірибесімен алмасып, «Байкал-1» зерттеу реакторы кешеніне барды. Осы тақырып бойынша семинар өткізу үшін Қазақстанның таңдалуы кездейсоқтық емес. Біздің елімізде үш зерттеу реакторы бар. Олардың қолданылу аясы өте кең: - іргелі ядролық-физикалық және материалтану зерттеулері мен реакторішілік сынақтар жүргізіледі; - медицинаға және өнеркәсіпке арналған радиоизотоптар мен ампулалық гамма-көздер өндірісі жүзеге асырылады; - Жапонияның, Ресейдің, Францияның және басқа да елдердің ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастық шеңберінде АЭС энергетикалық реакторларының ауыр апаттарының салдарын жеңілдету іс-шараларын әзірлеуге бағытталған атом энергетикасы объектілерінің қауіпсіздігі саласында кең ауқымды эксперименттік зерттеулер жүргізіледі; - кремнийді нейтрондық легирлеу, нейтрондық-активациялық талдау және басқа да жұмыстар жүргізіледі. Азаматтық секторда ядролық материалдар мен технологияларды пайдалануды азайту бойынша практикалық шараларды әзірлеу және іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының зерттеу реакторларының отынын байытуды төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан, Ресей, АҚШ арасындағы тығыз байланыста және МАГАТЭ-нің қолдауымен Алматыдағы Ядролық физика институтының ВВР-К реакторы төмен байытылған отынға ауыстырылды. АҚШ-тың DOE және Аргонн ұлттық зертханасының қолдау көрсетуімен ҚР Ұлттық ядролық орталығының зерттеу реакторлары – ИВГ.1М және ИГР реакторларында отынды байытуды төмендету жобасын орындау бойынша жұмыстар жалғасуда. FNCA семинарына қатысушылар «Зерттеу реакторларын қолдану» тақырыбының Қазақстан үшін де, сол сияқты бүкіл әлем үшін де маңызды екендігін атап көрсетті. Экономиканың көптеген салаларында зерттеу реакторларын қолдану күнделікті өмірдің жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, қоршаған орта үшін қауіпсіз әрі заман талабына сай болып қала бермек.

Дереккөзі: nnc.kz

127
«« | »» « Арттқа | Барлық материалдар
Соңғы жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру үшін, сайтқа авторизациядан өту керек
050026, Алматы, ул. Богенбай батыра, 221
Тел: 8 (727) 378 0509
E-mail: dir@inti.kz
      Все права защищены
©ННП 2013 - 2019