Ғылыми жаңалықтар

«ҰМҒТСО» ұжымы Президент Жолдауын талқылады

16.09.2019

3240

«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ ұжымы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Халыққа жолдауын талқылап, орталық қызметкерлері ойларын ортаға салды. «ҰМҒТСО» АҚ Президенті Ә.Ибраев биылғы Жолдаудың ел өміріндегі өзекті де өткір мәселелерді көтерумен ерекшеленіп отырғандығын және Президент ең алдымен еліміздің экономикалық, әлеуметтік дамуының маңызды салаларына тоқталғанын атап өтті.

Құқықтық және кадрлық жұмыс департаменті директоры Қ.Идрисов Жолдаудың құқықтық және заңдық шеңбердегі ерекшеліктеріне баса назар аударды. Қ.Идрисов Жолдауда сот шешімдерінің сапасын жақсарту, бірыңғай сот тәжірибесін қамтамасыз ету, әкімшілік әділетті енгізу, есірткі тарату, адам саудасы қылмыстарына жазаны қатаңдату бойынша азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмаларға тоқталды.

Қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Н.Жұмақан: «Президент Қ.Тоқаев шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру қажеттігін, «Білім экономикасы», еңбек өнімділігін арттыру, инновацияны дамыту, жанды интеллектіні жаһандық дамудың негізгі факторына айналдыру керектігін назарға салды», – деп қорытты.

Ал Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаментінің бас маманы Ж.Бүркітбаев жұмыс істейтін азаматтар өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа, соның ішінде баспана сатып алуға немесе білім алу үшін пайдалану мәселесі сан мыңдаған азаматтарымызға қайталанбас мүмкіндік болатындығын алға тартты. Бұл – көптеген жас мамандар мен жас отбасыларға көп көмек болары анық.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар