Ғылыми жаңалықтар

Ұлттық ғылыми кеңестің отырысы өтеді

02.09.2019

3517

Ертең, яғни, 3 қыркүйек күні сағат 11:30-да Алматыда «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ ғимаратында «Табиғи ресурстарды, оның ішінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен құрастырмалар» бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңес мүшелерінің отырысы өтеді.
Бұл «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Ережеге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19 тамыз 2019 жылғы №519 Қаулысына сәйкес өзгерістер енгеннен кейін аталған бағыт бойынша алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын айта кетуіміз керек.
«Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Ереженің 33 тармақшасына сәйкес кеңестің отырысы онлайн режимде көрсетіледі. Кеңес отырысының тікелей көрсетілімі «ҰМҒТС» АҚ-ның Фейсбуктаға парақшасы мен интернет ресурсынан көруге болады.


«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар