КіруТіркелуЖоба туралы ФорумFAQБайланыс
  
Ұлттық ғылыми порталға қош келдіңіздер!
Бұл жерде қазақстандық ғылымның
жағдайы мен оның соңғы оқиғалары туралы ақпараттар ұсынылған.
Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн.
EXPO-2017
"Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар алудың ұлы мүмкіндігі..."
Н.Ә. Назарбаев
Әлемдік ақпараттық ресурстарға шығу мүмкіндігі:
Thomson Reuters, Elsevier, Science
eLIBRARY.RU және басқалары.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы
"Біздің жастарымыздың оқуы, жаңа білімдерді меңгеруі, ең соңғы дағдыларды игеріп,
білім мен технологияларды күнделікті өмірде іскерлікпен және тиімді қолдануы қажет".
Н.Ә. Назарбаев
– Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.
 
Видео заседаний и интервью председателей ННС
 
Қазақстанның
интерактивті картасы
Ауа райы және валюта бағамы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Ғылыми жаңалықтар
18.06.2019  Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары мол өнімді және жоғары сапалы бұршақ сорттарын өсірді

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары Дәнді-бұршақты дақылдар бөлімінің меңгерушісі, б.ғ.д., АШҒА академигі М.С. Кудайбергеновтің ғылыми жетекшілігімен майлы дақылдар өндірісін дәнмен қамтамасыз ету, олардың бәсекелестік қабілетін және экспорттық әлеуетін арттыру, майлы дақылдардың жаңа сорттарын өсіруде жоғары сапалы техногияларды дамыту бойынша зерттеу жүргізді.
Зерттеу нәтижесінде 50 комбинация көлемінде қытайбұршақ будандастырылды. Байлаған будандардың орташа пайыз мөлшері аналық Зара сортында - 15,3%, аналық Ласточка сортында - 19,0%.
Бақылау питомнигіндегі өнімділігі бойынша зерттелген 99 үлгінің 12-сі орташа ерте және орташа пісетін және 8-і орташа кеш пісетін болып іріктеліп алынды.
Конкурстық сорт бақылау питомнигінде орташа ерте пісетіндер тобынан өнімділігі жоғары көрсеткішті стандартты сорт Мисуланың А9/562, А9/363, селекциялық номерлерінің өнімділігі 3,2-7,8 ц/га, орташа кеш пісетін топтан Б4/53, ЗР 30, Б 47/323 селекциялық номерлерінің өнімділігі 0,8 - 3,4ц/га, және орташа кеш пісетін топтан стандартты Ласточка 6 сортының селециялық номерлерінің өнімділігі 2,4 - 12,8 ц/га көрсетті.
Қытайбұршақтың коллекциялық сорт үлгілерінен пісу мерзіміне байланысты барлық топтардан құрамында 42,2 - 43,6% жоғары белокты 26 номер алынды. Алынған номерлерден 9-ы жоғары белокты және 7-і майлылығы жоғары сорттар.
Алматы облысындағы алғашқы тұқым шаруашылығанда 10 аудастырылған сорттардан 20000 тұқым алынды,суперэлита Жансая, Ласточка, және Мисула сорттарының П2 питомнигінен 448,5 кг, Р1 питомнигінен 587,8 кг, Р2 питомнигінде 1533 кг, суперэлиталық Жансая, Ласточка және Мисула сорттардан 107,2 тонна алынды. Шығыс Қазақстан облысында П2 питомнигінен Бірлік КВ сортынан 280 кг, Қостанай облысынан Ивушка сортынан 100 кг тұқым алынды, 2016 ж П1 жасау үшін 5000 өсімдік алынды.
Ең жақсы аудандастырылған Жансая, Ласточка, Перизат қытай бұршақ сорттарының сорттық технологиясын зерттеу барысында, осы сорттар арасындағы жоғары өнімділікті Жансая сорты көрсетті, тәжірибенің барлық нұсқаларындағы орташа өнімділік - 48,5 ц/га, Перизат сорты - 43,3ц/га, Ласточка сорты - 31,5 ц/га . Жансая сортының өнімділігі бойынша ең жоғарғы көрсеткіш - 56,3 ц/га, жаппай себу тәсілі бойынша 600 мың дана/ га тұқым есебімен бақыланды. Перизат сорты кең қатарлап себу тәсілі бойынша 600 мың дана/га тұқым нормасымен бақыланып - 48,5 ц/га өнімділікті көрсетті. Ласточка сорты қатар аралығы 30см , себу нормасы 500 мың дана/га тұқым есебімен бақыланып, өнімділігі 42,4 ц/га көрсетті.
Қытай бұршақ линиясының сорттарын зерттегенде, анатомо-морфологиялық және физиологиялық белгілері бойынша ксероморфизм белгілері бар құрғақшылыққа төзімді үлгілер белгіленді. Жапырақтардың орналасуы бойынша жоғары көрсеткішті сорттар болып Селекта 302 (20,9дана), Букурия (18,3шт), Воеводжанка (17,1шт), Мисула (16шт) сорттары белгіленді. Жапырақ бетинде ең көп устьицалар орналасуы белгілері бойынша мынадай сорттар белгіленді; Вилана (15,7), Букурия (13,9), Селекта 302 (13,2), Корсак (12,8), Воеводжанка (12,6) дана. Осмотикалық стресске төзімділігі индексі бойынша Зен (7), Терек (4,5), Черемош (4,3) сорттары белгіленді.
Элементтердің қнімділік бағасы бойынша 25 үлгі, жылыай комплексінің қатаң құрғақшылық жағдайында 1000 дән салмағы, 1 өсімдіктен алынатын тұқым массасы, 1 өсімдіктен алынған бұршақ саны бойынша жоғары көрсеткішті 4 үлгі көрсетті. (Перемога, Гибридная 670, Черемош, Десна).
Қытайбұршақтың 25 үлгісі генотиптеу кезінде жобалап алынған мәліметтеғр негізінде таңдалынды. Қытайбұршақтың генотиптелген 25 үлгісі 10 SSR маркерімен тығыз байланған құрғақшылық жағдайындағы тұқымның QTL өнімділігі фенотиптелген үлгілердің satt 245 маркерлері бойынша жоғары көрсеткіш көрсетті. Нақты зерттеу мәліметтері үшін зерттеуді маркерлерлер және үлгілер саны жағынан ұлғайту керек.
2015 жылы МСС-қа қытайбұршақтың 1 орташа сорты(пісу бойынша 1 топ) – Память ЮГК сорты берілді, азықтық тұқым бағыты бойынша вегетациялық кезеңі 105-110 күн, өнімділігі – 42,2 ц/га, белогы 37,7 %, майлылығы 22,2; патентке 1 мәлімдеме берілген.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

171
«« | »» « Арттқа | Барлық материалдар
Соңғы жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру үшін, сайтқа авторизациядан өту керек
050026, Алматы, ул. Богенбай батыра, 221
Тел: 8 (727) 378 0509
E-mail: dir@inti.kz
      Все права защищены
©ННП 2013