Ғылыми жаңалықтар

Жаңа CaSn сульфидизатор ірілендірілген-зертханалық сынақтан өтті

24.10.2018

4837

«2015-2017 жылдарға арналған түсті металдардың қиын байытылатын тотыққан кендерін игерудің ғылыми-технологиялық негізі» («Парасат» ғылыми-технологиялық орталығы АҚ) бағдарламасы бойынша жүргізілген жұмыс жаңалығы тотыққан мырыш рудасы кенін және шаң-тозаңын 85-90%-ға дейін -63+44 мкм ұсату, арнайы қорытқы көмір мен шаң-тозаңды шихталау, келесі вельцтеумен шихтаны брикеттеуді қосатын домна балқытудағы газды тазалауды бірлесе қайта өңдеудің технологиялық кестесі болды. Клинкердің өнімі 51,48%, ал вельц-айдаушы – 22,02%. Вельц-айдаушыдан мырышты алу деңгейі 90,2-ні құрады. Тотыққан кендерді 8500С температурада біріктірудің оңтайлы жағдайы әзірленді, натрий сульфатының шихтадағы құрамы – 15-20%, құрамында көміртегі бар қалпына келтіруші – 15-15%. Гидротермиялық қайта өңдеудің оңтайлы жағдайы 4 атм.төмен емес қысымда су-ауа қоспасы түтік-реакторда беру арқылы іске асырылады. Базалық және негізгі сульфидизаторды қолданып Родникове және Ефимовское кен орындарынан тотыққан құрамында мырышы бар кендер флотациясының реагентті режимі дайындалып, заттық құрамы зерттелді. Аталмыш кендерді қайта өңдеу кезінде кальций полисульфиді СaSn базалық сульфидизаторды алмастыруға мүмкіндік беретіндігі анықталды. Жаңа сульфидизатор CaSn қолдану арқылы Родниковое және Ефимовское кен орындарындағы құрамында мырышы бар қиын байытылатын кендерді қайта өңдеудің әзірленген технологиясы ірілендірілген-зертханалық сынақтан өтті, сульфидизатор CaSn натрий сульфидімен салыстырғанда мырыш концентратынан мырыштың алынуын 1,59%-ға, церуситтікін – 1,78%ға (Родниковое) арттырады. Бұл ретте концентраттағы мырыштың мөлшері 6,1%ға (46,03-тен 52,13%-ға дейін) артады. Ефимовское кен орнындағы кенді флотациялауда CaSn сульфидизаторы концентраттағы мырыш мөлшерін 7,12%-ға (49,2-ден 56,32%-ға дейін) және церуссит мөлшерін 3,3%-ға (8-ден 13,1 %-ға дейін) арттыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесі бойынша Родниковое және Ефимовское кен орындарындағы құрамында мырышы бар тотыққан қиын байытылатын флотацияның технологиялық регламенті әзірленді.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар