Ғылыми жаңалықтар

Таңқурай көшеттерін алудың технологиялық циклі әзірленді

10.10.2018

4376

«АШК және табиғатты пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен іс-шаралар» бағдарламасын (Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты) іске асыру аясында:
- жеміс, жидек және жүзімнің 59 сортымен генофонд толықтырылды. Генофондтан сұрыпталып алынған – донорларды будандастыру бойынша 51 комбинация: жеміс, жидек өсімдіктері мен жүзім, сонымен қатар алма – 23, алмұрт – 8, сүйекті жеміс дақылдары – 8, жеміс – 5 және жүзім бойынша 7 жасалды. Будандастырылған жеміс, жидек өсімдіктері және жүзімнің негізгі құнды белгілерінің тұқым қуалаушылық заңдылығы бекітілді. Сүйекті жеміс дақылдарының (шие, қара өрік, абрикос) клонды екпе генофондының 13 пішіні жасалды, байытылды және зерттелді;
- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы екпе алманың Шығыс сортының К 103, 62-396, Б16-20 және Арм 18, Егемен сортының Жетісу 5, Жетісу 6, Орал 6-4-8 және Б16-20 пішіні, Апорт сортының 70-6-8, К-105, Арм 18, М9, ММ106, У айвасындағы Талғар сұлуы алмұрты бақтарын өнімді ету үшін шекілдеуікті дақылдар болашағы бар екпе-сортты комбинациясы бөлініп алынды;
- тез жеміс беретін плантацияларды отырғыза бастау үшін тамыр көшеттерінен жабық тамыр жүйесімен таңқурай көшеттерін алудың технологиялық циклі әзірленді. Торфо-цеолитті субстратта 400мл-ден жоғары көлемді стақанда жабық тамыр жүйесінен ұзақ гүлдейтін таңқурай көшетін өсіру тиімділігі бекітілді;
- алманың тез жеміс салатын көшет материалдарын зерттеу ағаш діңінің диаметрінің өсу көрсеткішіне, тармақтарының жиынтық өсуіне, бояу көлемінің өнімділігіне қарап оның өнімділік деңгейі жоғары болатындығын көрсетті және әлдеқайда ерте тауар шығымдылығына Гала Маст сортының «книп-баум» екпе көшеті, Голден рейндерс және Чемпион Арно, бір жылдық екпе көшеттерден –Мақсат, Айнұр, Голден делишес, Айдоред сорттары ие болып отыр. Клонды екпе көшет 1333-2000 дер./га жиілікте отырғызылған кезде «Жетісу-5» отырзылған соң 5 жылдан кейін жоғары тауар өнімін алуға болатындығы көрсетілді. Апорт алма сортын заманауи техникалық және биологиялық инновация негізінде өсіру технологиясы бойынша ұсыныстар әзірленді.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар