Ғылыми жаңалықтар

Титан диоксидінен наноқұрылымды қабықша алу әдісі жасалды

30.07.2018

4091

«Жасыл» экономикаға арналған нанокмопозитті материалдардағы фотоиндукцияланған электронды үдерістер» бағдарламасын жүзеге асыру барысында (Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті):
- TiO2 синтездеуге арналған эксперименттік қондырғы әзірленді және жасалды. Титан диоксидінен НТ және НС қабықшасын алу әдісі әзірленді.
Титан диоксидінен наноқұрылымды қабықша алу үшін электрохимиялық анодтау және гидротермальді синтез әдістері пайдаланылды. Титан диоксидінен нанотүтікшелер алу үшін арнайы жасалған вертикаль типтегі электрохимиялық ұяшықтардан құрылған эксперименттік кешен құрылды. TiO2 нанобөлшектерінен ұсақ тесікті қабықшаны алу үшін «доктор–блейдинг» әдісі қолданылған. Ал қабықша алу барысында титан диоксиді Degussa P25 (Sigma Aldrich) нанобөлшектері пайдаланылды және наноөзектерді алуда тот баспайтын фторопластты жабынды түтікшелер гидротермальді синтез әдісімен алынды. Ұяшықтардың фотокаталитикалық қасиеттерін зерттеу үшін титан диоксидінің ұсақ тесікті қабықшалар негізінде фотоиндукцияланған токтарды тіркеуге арналған қондырғы жасалды. Қондырғы J-30 потенциостат-галваностатпен (Элинс, Ресей) жабдықталған.

"ҰМҒТСО" АҚ

Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар