Ғылыми жаңалықтар

Диабетке көп жұмыс істейтін әйелдер жиі шалдығады – ғалымдар

10.07.2018

4343

Канаданың зерттеушілері аптасына 45 сағаттан астам жұмыс істейтін әйелдердің диабетке ұшырау қаупі 60%-дан астам екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпараттық агенттігі Science Daily порталына сілтеме жасап.

Зерттеу барысында ғалымдар 12 жыл бойы (2003 жылдан 2015 жылға дейін) Денсаулық сақтау саласындағы зерттеулер мен медициналық анықтамалардың деректерін пайдалана отырып 35-74 жас аралығындағы 7655 канадалық ер мен әйелдің денсаулық көрсеткіштеріне мониторинг жүргізді.

Қатысушылар жұмыс сағаттарының санына қарай төрт топқа бөлінді: бірінші жұмыс аптасына 15-тен 43 сағат, екінші 34-40 сағат, үшінші 41-44 сағат, ал төртінші - 45 сағат немесе одан көп.

Нәтижесінде, ғалымдар басқа топтарға қарағанда, аптасына 45 сағат немесе одан да көп жұмыс істейтін әйелдердің 63% диабеттен зардап шегетінін анықтады. Шылым шегу, физикалық белсенділік немесе дене салмағының индексі сияқты басқа да тәуекел факторлары шамалы рөл ойнайды.

Зерттеушілердің айтуынша, ұзақ жұмыс күн үй шаруашылығындағы іс-шаралармен толықтырылып, әйел денесінде созылмалы стрестік реакция тудырады. Ғалымдар ер адамдарға аптасына 47 сағаттан артық жұмыс істеуге, ал көп жүктелген және үй шаруасына тиелетін әйелдерге - 34-тен артық жұмыс істемеуге ұсыныс жасады.

Дереккөзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар