Ғылыми жаңалықтар

Павлодар облысында эко-техникалық орталық ашылды

09.07.2018

4376

Астана күнінде Ақсу қаласының бүлдіршіндеріне ерекше тарту жасалды.

Металлургтер мен энергетиктер шаһарында эко-техникалық орталық ашылды. Онда экология, биология, этно-туризм, ІТ-технологиялар және коворкинг кабинеттері қамтылған. Оқушыларға қосымша білім беретін көпсалалы орталықта балалардың ой-өрісін дамытып, ғылыми-техникалық бағытта оқытатын көптеген үйірмелер жұмыс істейді. Павлодар облысы бойынша жас натуралистер стансасы да осы Ақсу қаласында. Жуырда қайта жөндеуден өткізіліп, заманауи технопаркқа айналды. Бұл мақсатта бюджеттен 720 миллион теңге жұмсалған. Жаңа орталықта шамамен 1 мың 200 баланың білім алуына мүмкіндік жасалған. Келешекте мұнда жылыжай кешені мен хайуанаттар бағын ашу көзделіп отыр. Жантоты Ақышева, Ақсу қаласындағы экотехникалық орталықтың жетекшісі: - Оқу-әкімшілік ғимараттарынан бөлек орталық аумағында балалардың демалысын қамтуға арналған корпустардың құрылысы жүріп жатыр. Жаз мезгілінде 360 баланы қабылдайтын жазғы лагерь болады. Аумағы 150 шаршы метрды құрайтын жылыжай кешені түседі. Ол балалардың білімін жетілдіруге және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Дереккөзі: 24.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар