Ғылыми жаңалықтар

Екі минутта құймақ әзірлеп беретін робот жасаған павлодарлық оқушылар республикалық байқауда топ жарды

05.07.2018

4422

Павлодар қаласының № 11 мектебінің 5-сынып оқушылары Айпара Сыздықова мен Артём Малых «KazRoboProject - 2018» республикалық сайысының робот техникасы ғылыми-зерттеу және шығармашылық жоба қорытындысы бойынша кіші лигада ең үздік деп танылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілішісі. Бұл туралы қалалық білім беру бөлімінен хабарлады. Жеткіншектер сайыста автоматтандырылған және жылдам құймақ пісіру Pancakebot роботын таныстырды. Еске сала кетейік, оқушылар арасында жүргізілген зерттеулер бойынша сыныптастарының 90 %-ы таңертеңгі ас ішуге үлгермейді. Осы себептен уақытты үнемдеп, жылдам әрі тәтті ыстық құймақ даярлау үшін құрылғыны жасау идеясы пайда болған. Бұған дейін олар робот бойынша тағы да үш балама нұсқасын әзірлеген. Астана қаласында Назарбаев орталығында өткен байқаудың соңғы кезеңіне Қазақстанның әр өңірінен үздік деп танылған 26 жоба ұсынылды. Жарыстың басты міндеті - қазақстандықтардың өмір сүру жағдайын жеңілдету, робот техникасын кеңінен тарату және дамыту, жеткіншек балалардың шығармашылық және техникалық әлеуетін арттыру. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға робот техникасы сабақтарында қолдану үшін конструкторлар жинағы тапсырылды. Конкурстың негізгі демеушісі ҚР ұлт Көшбасшысы - Тұңғыш Президент қоры. - Біз республикалық «Қазақстан Федерациясы білім және спорт робот техникасы «ҚазРоботикс» бірлестігіне ынтымақтастық үшін және осы сайысқа баруға көмек көрсеткен қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымына шексіз алғысымызды білдіреміз, - дейді сайыс жүлдегерлерінің жетекшісі № 11 ЖОМ информатика пәнінің мұғалімі Рүстем Садықов.

Дереккөзі: pavlodarnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар