Ғылыми жаңалықтар

Төмен орбиталық ғарыш аппараттарының борттық электронды құралдарының жады модулі зерттелді

20.06.2018

5177

Ғарыштық кеңістікте кешенді әрекет ету факторлары жағдайында ғарыштық аппараттардың электронды борттық құралдарының жаңылысуын имитациялық үлгісі жасалды.
Жұмыс барысында «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ доценті, ф.-м. ғ.к. В.Ф. Грищенко траектория бойынша төмен орбиталық ғарыштық аппараттар үлгісінің тоқтап қалу қарқындылығы, жаңылысу механизмінің еліктеу үлгісінің техникалық кестесі зерттелді.
Әртүрлі мақсаттағы ғарыштық аппараттардың электронды борттық аспаптарының сенімділігін бағалау қарастырылды. Ұзақ жылдарға арналған ғарыштық ұшуларға арналған күнгей және галактикалық ғарыштық сәулелердің өтуі кезінде траектория бойынша төмен орбиталық борттық электронды ғарыш аппараттарының жады үлгісінің жаңылысу қарқындылығына болжам жасалды.
Зерттеу барысында жерүсті үлгілеуші жағдайдағы жады модулінің ұяшықтарның жаңылысуын тіркейтін қондырғы құрылды және жасалды. әртүрлі геофизикалық жағдайдағы жады модулінің жаңылысу механизмінің техникалық кестесінің үлгісі дайындалды. Көп жылдық ұшуларға арналған төмен орбиталық қызметтік борттық электронды ғарыш аппараттарының жиынтығы бойынша ұсыныстар әзірленді.
Жоба бойынша 2015-2017 жылдар аралығында 6 мақала, оның 5-еуі шетелдік басылымдардар жарияланған. Қорғалған құжат саны – 3, оның 1-еуі ҚР Патенті, ҚР Патентіне өтінім – 2.
Зерттеу нәтижесінде төмен орбиталық ғарыш аппараттарының борттық электронды құралдарының жады модулінің жаңылысуының қарқындылығы МЕМСТ жобасы жасалды.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар