Ғылыми жаңалықтар

Қазақстанның заманауи көлік-логистика жүйесі жасалды

24.05.2018

5571

Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институтының профессоры, т.ғ.д. М.М.Бекмағамбетов Қазақстан Республикасының халықаралық деңгейдегі көлік-логистикалық жүйесін қажетті жағдай қалыптастыруда қолданбалы зияткерлік жүйе мен технологияны қолдану арқылы ғылыми-әдістемемен қамтамасыз ету бойынша зерттеуді жүргізді.
Зерттеу барысында ұйымдастыру және басқарудың заманауи технологиясына негізделген Қазақстанның көлік-логистика жүйесінің үлгісі жасалды. Көлік және транспорт технологиясы мен зияткерлік жүйесінде жобалау мен енгізу қолдану жобаның нәтижелілігі мен тиімділігін бағалайды, осылайша әзірлеменің әдістемелік аспаптары құрылды.
Жоба бойынша 2013-2015 жылдар аралығында 21 мақала жарық көрген, оның 15-і шетелдік баслыымдарда жарияланған, қорғалған құжаты саны – 7 (ҚР Патенттері).
Көлік және транспорт саласында зияткерлік жүйе мен технологияның тиімділігі мен нәтижелілілігн бағалау, әзірлеменің әдістемелік аспаптарын жасау жеке бизнес саласында да, сонымен қатар мемлекеттік органдар өкілдері де қолдана алады. Зерттеу материалдары «Логистика», «Көлік жүйелерін басқару», «Жобаларды басқару» сынды оқу дисциплиналарыоқу құралдыра, әдістемелік материалдар ретінде оқу бағдарламалары мен лекциялық курстарда қолданылады. Алынған зерттеулер Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қажеттіліктеріне сауап береді, нақтырақ айтқанда ұлттық көлік-логистика жүйесінің, индустриалды-инновациялық даму саласы және жалпы экономика бойынша бәсекеге қабілеттелігін арттырып, көлік қызметтерінің сапасын жақсартып, сыртқы жүк тасымалының өзіндік құнын құрайтын азайтады.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар