Ғылыми жаңалықтар

Робототехника бағытындағы халықаралық турнир

02.05.2018

5282

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Физика-математика» факультетінің 5В011100 – Информатика мамандығының студенттері Рамина Сабирова мен Николай Агарков Түркия мемлекетінің Карабюк университетінде робототехника бағытында өткен халықаралық турнирге қатысты.
Турнирге Түркия мемлекетінен басқа әлемнің әр түпкірінен көптеген қатысушылар қатысты. Турнирде қатысушылар өздерінің авторлық жобаларын ұсынды. Олар Сумо, Мини Сумо, бағдар бойынша жүру, ашық санатты жобалар мен басқада жобалар бақтарын сынады.
Оның ішінде қызықты санаттардың бірі Шафранның гүл жинайтын робот, себебі, 1994 жылдан бері Карабюк провинциясының Сафранболу қаласы ЮНЕСКО тарапынан қорғалады. Онда «Шафран» атты сирек кездесетін және сұранысқа ие гүл өсіріледі.
Турнирдің басым бөлігі көрме залында өтті. Онда қатысушылар өздерінің жобаларын көрсетті. Сонымен қатар, өз жобаларын қазылар алқасы мен қатысушыларға таныстырып, сұрақтарын қойып, нақты жауаптар ала білді.
Бізге «SidBot» атты роботомыз ашық санатында таныстырылды. Онда Түркия мен қатар басқада мемлекеттік ЖОО-ның қатысушыларының инновациялық түрлі қызықты жобалары таныстырылды. Оның басты тапсырмасы жерге тұқым отырғызу болып табылады. Бұның қазіргі таңда өзекті маңызды болып тұр. Бұл технология Қазақстан мен әлемде де өз қажеттілігін сақтап тұруда. Бұл дегеніміз агро саланы автоматтандыруға көшу.
Бұл байқау біздің командаға үлкен тәжрибе әкелді. Сондай-ақ, байқау қорытындысы бойынша біздің команда 3 орын иеленді.

Біз университет ұжымына сенім білдіргені үшін үлкен алғыс білдіреміз.

Дереккөзі: tarmpu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар