Ғылыми жаңалықтар

Шай жүгеріден биоэтанол алынды

20.04.2018

4761

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті а.-ш.ғ.д., профессор И.Ф. Костиков шай жүгері өндірісінің болашағы зор сұрыптарынан биоэтанол алудың әдісін тапты деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі. Зерттеу барысында егін жинаудың толықтай гүлденген оптималды фазасы, яғни өнімді көп беретін кезеңі анықталды.
Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан жағдайларында техникалық мақсаттарға қолдануға қант мөлшерін жинауды бағалау үшін қант шай жүгерінің сұрыптары мен будандарына экологиялық сорт-сынау өткізілді. Шай жүгерінің сабақтарында жасуша сөлінің ең жоғары мөлшерін жəне концетрациясын қалыптастыратын кезеңдері анықталды, сондай-ақ қанттың ең жоғары мөлшері мен фазалары бақыланды.
Жоба бойынша 2013-2015 жылдар аралығында 9 мақала жарық көрген және қорғау құжаты (ҚР Патентіне өтініш) – 1. Жоба нәтижесі «Күміс-Көкше» ЖШС-ға енгізілді.
Қант шай жүгеріні көп мөлшерде еритін қант жинауы нәтижесінде биоэтанол алудың тұрақты шикізат көзі етеді, оны өз кезегінде мотор майы ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар бұның бағасы аса қымбат емес, жүгері мен бидай дақылдарын өндіруге қарағанда аздаған технологиялық операцияларды қажет етеді. Солтүстік Қазақстан аймағында қант шай жүгерісі қолданысқа енгізудің экономикалық әлеуеті жоғары болады, дақылдың созылғыштығы, күннің ұзақтығына бейтарап реакция береді, ауа райының қолайсыздықтарына төзімді, тыңайтқышы аз кедей топырақтардың өзінен жоғары дәрежеде өнім бере алады.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар