Ғылыми жаңалықтар

Қадірменді ата-аналар әрі жас түлектер! Жоғары оқу орнына грантқа қол жеткізбек болсаңыз, техникалық мамандықтарға зер салып, ҰБТ пәндерін мұқият таңдаңыз — уақыт әлі де бар!

10.04.2018

5774

Қадірменді ата-аналар әрі жас түлектер! Жоғары оқу орнына грантқа қол жеткізбек болсаңыз, техникалық мамандықтарға зер салып, ҰБТ пәндерін мұқият таңдаңыз — уақыт әлі де бар!
Әлеумет үшін, әсіресе биыл мектеп бітіріп жоғары оқу орнына түсетіндерге өте маңызды ақпарат келіп түскен сәтте, портал редакциясы ата-аналар мен түлектерге осындай үндеу салуды жөн санады. Биыл техникалық мамандықтарға бөлінген гранттардың саны біраз көбейді!

ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлағандай, 2018-2019 оқу жылы жыл сайын беріліп келген 54 мың гранттың қатарына тағы 20 мың, атап айтқанда нақты техникалық мамандықтарға арналған 11 мың, грант қосылмақ.

Отанымыздың білім саласын дамытуға бағытталған осы қадам өте маңызды, өйткені мектеп оқушыларының пәндерге деген қызығушылығын арттырады және де сол пәндер кейінірек мемлекеттік гранттарға қол жеткізуге, еңбек нарығының сұранысына сәйкес келетін техникалық білім алуға яғни жұмыс орнын табуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деді:
ҚР Білім және ғылым министрлігі атап көрсеткендей, алдағы заманда техникалық мамандықтарға деген сұраныс одан да жоғары болып, арта түсетін болады.

Назарларыңызға — 2012 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі кезеңде әртүрлі мамандықтарға бөлінген грант санағын және тиісінше болған конкурстардың анық-қанығын көрсететін ақпарат графикасы (иконографика).

Мұқият көңіл бөліп қарасаңыз, техникалық, атап айтқанда педагогикалық т.т. мамандықтарға бөлінген грант өсімінің қарқынын көресіздер. Грантқа деген шансын арттыруға ынталы болған түлектер өз назарын ҰБТ пәндеріне аударып, оларды өздері үшін бөліп-белгілеп, тестілеуді сәтті тапсыруды мақсат тұтуы тиіс.

Дайындықтарыңыз сәтті болсын дей келе, осы ақпарат мейлінше көп жастарға көмегін тигізер, мемлекеттік білім грантын алу жолында жол сілтер деген зор үміттеміз!

Дереккөзі: bilimdinews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар