Ғылыми жаңалықтар

Сирек кездесетін балық түрлерінің криобанкі құрылды

09.04.2018

5514

«Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының» профессоры Қ.Б. Исбеков Қазақстандағы халықаралық және республикалық маңызы бар су қоймаларындағы сирек және жоғалу алдында тұрған балықтарды экология-генетикалық жағдайын бағалады деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Зерттеу барысында Балқаш-Алакөл, Арал-Сырдария, Зайсан-Ертіс су қоймалары және Орал-Каспий бассейнінде кезедесетін Қызыл кітапқа енген балық түрлеріне мониторинг жасалды. Зерттеу нәтижесі бойынша су қоймаларының гидрохимиялық режимі балық шаруашылығын пайдалану қанағаттаннарлықтай деңгейде сипатталады. Сирек кездесетін балық түрлеріне арналған криобанк құру қолға алынды. Халықаралық табиғатты қорғау одағының өлшемдерін ескере отырып Қазақстан Ресупбликасының Қызыл Кітабын басып шығару ұсынылды. Жойылу алдында тұрған бағалы да сирек кездесетін балық түрлеріне өлшем бойынша жіктелді.
Жоба аясында 2013-2015 жылдары 14 мақала жарық көрді, оның 3-еуі шетелдік басылымдарда басылған 3 қорғау құжаты (ҚР Патенті) бар.
Емдеу-алдын алу дәрісі зертханалық жағдайда тестілеуден өткен. Аталмыш ветеринарлық дәріге нормативті-техникалық құжаттар жасалды. Ал зерттеу қорытыныдысы «Әсем» шаруа қожалығы, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы мен «Ернұр» шаруа қожалығына енгізілді.
Сирек кездесетін популяция түрлерінің аздаған бөліктерін жасанды толықтыру мақсатында алу жолдары ұсынылды. Тоқрауын өзеніндегі Балқаш көкбасы, Шығыс Балқаштағы шабақ, Сырдария өзеніндегі Арал қаязы, Ертіс өзеніндегі Сібір бекіресін жетілмеген кезінде аулау мүмкіндіктері анықталды. ҚР Қызыл Кітабына енген түрлерден бөлек мамандандырылған
Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру түрлерді сақтаудың болашағы бар нұсқасы ретінде қарастырылады. Сирек кездесетін балық түрлерінің криобанкін құру балықтардың сандық және генетикалық алуан түрлілігін сақтауға ықпал етеді.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар