Ғылыми жаңалықтар

Робототехника мен мехатроникадан байқау өтті

09.04.2018

5093

Байқаудың басты мақсаты Қазақстан Республикасы орта және жоғары білім беру жүйесінде ғылыми-техникалық прогресті, сонымен қатар, робототехника мен мехатроника саласын жетілдіру. Мехатроника – ертерек пайда болғанымен, өзінің қажеттілігі кеш айқындалған, енді-енді қарқынды дами бастаған ғылым.
Жалпы, бұл дамып келе жатқан ғылым болғандықтан, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 23 мамырдағы № 237 бұйрығы негізінде М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде эксперимент ретінде жаңа оқу жылынан бастап, төрт жыл мерзімімен Мехатрониканы бакалавриат бағдарламасы бойынша оқыту қолға алынған. «Мехатроника» мамандығы бойынша білім бағдарламасы Люблин политехникалық университетімен (Польша) бірге іске асырылады.
Байқау университет ректорының қолдауымен өтті. Додаға барлығы 30 жоба қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Әділ Қыпшақбайдың робот-манипулятор атты жобасы үздік шығып, жеңімпаз атанды. Әділге университет ректоры Махметғали Сарыбеков «Мехатроника» мамандығы бойынша ректор грантын берді. Сонымен қатар байқауда әр номинация бойынша I,II,III орын алған оқушыларда болды. Жеңімпаздардың барлығы бағалы сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталды.
«Мехатроника» мамандығы бойынша білім бағдарламасы Люблин политехникалық университетімен (Польша) бірге іске асырылатын болады. Осы меморандум негізінде үздік дайындалған студенттер 3-курстан бастап оқуын аяқтау үшін ең заманауи оқу-ғылыми зертханалық базасы бар Люблин политехникалық университетіне (Польша) жіберіледі. Білім алғаннан кейін конструктор көмекшісі, программист немесе техник ретінде жұмыс істей алады. Сонымен қатар, кәсіпқой мамандар тұрмыстық және өнеркәсіптік роботтарды жасау мен жобалау, конструктілеумен айналысады.

Дереккөзі: tarsu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар