Ғылыми жаңалықтар

Картоп сорттарының ДНҚ-сын бөліп алу әдісі анықталды

06.04.2018

4677

«Ұлттық биотехнология орталығының» профессоры, б.ғ.д. А.Ә. Кәкімжанова ДНҚ технологиясы негізінде картоптың заманауи және ескі сорттарының молекулалық сәйкестендіру және геномдық түрленгіштігіне сараптама жасаудың тиімділігі жоғары жүйесін құрды.
Зерттеу барысында картоп генотиптеріне ірі масштабта сараптама жасауға мүмкіндік беретін STM0031, STI0012, STG0001 SSR-локусының минималды жиынтығы таңдап алынды. Картоп сортын және әрбір зерттелген сортты дискриминациялауға мүмкіндік беретін 36 ескі және заманауи картоп сорттарының SSR-маркерінің жинақтамасы жасалды, SSR-формула аллельдері құрылды. Анықталған сорты өзгеше фрагменттердің AFLP-комбинациясының Е32/Е55С, Е32/Т59А, Е32/61С минималды жиынтығы таңдалды. Фитопатогенді картоптардың тұрақтылығы R-гендер тұқымдасының RGA-жинақтамасының NBS2, NBS5 минималды жиынтығы таңдалды.
Жоба аясында шетелдік басылымдарда 2 мақала жарық көрді және ҚР Патентіне 1 қорғау құжаты ұсынылды.
Зерттеу нәтижесінде ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы артады. Отандық картоптардың коммерциялық сорттарының генетикалық паспорттары Қазақстан селекционерлерінің зияткерлік құқықтарын күшейтуге мүмкіндік береді.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар