Ғылыми жаңалықтар

Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен әлеуметтендірудегі заманауи тенденциялар

30.03.2018

4459

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеу мен әлеуметтендірудегі заманауи тенденциялар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция жұмысына Ресей Федерациясы, Орал мемлекеттік педагогикалық университеті, «Теория и методика воспитания культуры творчества» кафедрасының доценті, п.ғ.к. доценті Погорелов Станислав Тимофеевич, Түркия Республикасы, Омер Халисдемер университеті (Анкара), Саясаттану және халықаралық қатынастар факультеті, PhD білім докторы, профессор Торғай Дөйн, Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, п.ғ.д. Абдигапбарова Улжаркын Муслимовна, Алматы қаласы, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы, бас ғылыми қызметкер, профессор Рысбаева Аршагуль Клышбековнаны және аға ғылыми қызметкер Акимбаева Жазира Жайлаубековна мен ЖОО ғалымдары қатысты.
Конференцияның мақсатына орай жас ғалымдардың ғылыми ізденіс бағыты мен білім беру саласының маңызды мәселелері талданды, ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы контекстінде тәжірибиелермен алмасудың және жаңа идеяларды қалыптастырудың алаңын ұйымдастыру тақырыбында жүйеленген ғылыми-әдістемелік мәселелер көтерілді.
Конференцияға қатысушылар ұлттық сананың рухани жаңғыруының өзегі ретінде рухани-адамгершілік тәрбиелеу мен әлеуметтендірудегі заманауи тенденцияларды анықтау, озық инновациялық әдістер мен педагогикалық технологияларды қолданудың өзекті мәселелерін талқылау міндеттерін шешу мәселелері бойынша жоғары оқу орындары мен жалпы білім беру мекемелеріндегі жаңаша ойлайтын заманауи ұстаздар мен ғалымдар арасында ой бөлісті. Конференцияда қаралған мәселелер бойынша нақты тұжырымдар жасалынып, бірқатар шешімдер қабылданды.

ТарМПУ барлық материалдық-техникалық және кадрлық база, ғылым қоры гранттарына қатысу нәтижелері бойынша тәжірибесі бар оқу орны болып табылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі жолдауында еліміздегі педагогикалық оқу орындарының алдына тың стратегиялық бағыт – орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшуді тездететін мұғалім даярлау міндетін қойған болатын. Сондықтан, ТарМПУ-да шығармашылық қабілеті жоғары деңгейдегі, оқыту мен тәрбиелеудің, психологиялық-педагогикалық, жаңа инновациялық әдістерін меңгерген, ескі қағидалардан бас тартып, нақты тәжірибеде, педагогикалық үрдісті өздігінше жүзеге асыра алатын жаңа тұрпатты мұғалімді даярлау міндеттері жүзеге асырылуда.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар