Ғылыми жаңалықтар

Қазақстанда сиыр тұқымдарының генотиптелген ДНҚ үлгілерінің мәліметтер базасы жасалды

30.03.2018

5153

Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығының ғалымы, а.-ш.ғ.к. Р.Б. Ускенов етті және сүтті ірі қара мал тұқымдары: қазақтың ақбас сиыры, абердин-ангус, әулиекөл, обрак, герефорд, голштин, симментал және өзге де 1268 бас тұқымының генотиптелген ДНҚ үлгілерінің мәлдіметтер базасын жасады.
Жоба бойынша 2013-2015 жылдар аралығында 3 мақала жарық көрген, 1 авторлық куәлік иеленген.
Зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша жасалған мәліметтер базасы «Республикалық мал шаруашылығы жүйесі» Ақпараттық-сараптама жүйесіне енгізілген.
Жоба аясында сұрыптау әдістері мен алу тәсілдері жетілдірілді. Етті және сүтті сиыр тұқымдарының ДНҚ үлгілерін генотиптеу нәтижелерін пайдалану арқылы жануарлардың аталығын анықтауға және табындарда заманауи тұқымдық-сұрыптау жұмыстарын жүргізуге болады. Бағдарламалық өнімдерді қолдану арқылы генетикалық мәліметтерді Ақпараттық-сараптама жүйесіне (АСЖ) енгізуге мүмкіндік бар.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар